ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 42 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ

Өткен оқу жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті үшін табысты болды. Университет тәуелсіз халықаралық аккредиттеуден өтті. Бұл – осы оқу жылындағы негізгі қолжеткізген жетістіктері екенін атап өткен жөн.
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте университеттің басқарма төрағасы- ректоры Талғат Ешенқұлов айтып өтті.
❗БАҚ өкілдеріне өткен оқу жылында атқарылған жұмыстар жайлы баяндаған Талғат Ілиясұлы журналистер қойған сұрақтарға ашық жауап берді.
Дулати университетінің өткен оқу жылында 2027 жылға дейін 5 жылға білім беру қызметін жүзеге асыру, сондай-ақ студенттерді, магистранттарды және докторларды даярлау үшін институционалдық аккредиттеу сертификатын алды.
Сондай-ақ ең маңызды қабылдаған шешімдерінің бірі – оқу жүктемесін 680 сағатқа дейін қысқарта отырып, педагогикалық қызметкерлердің жалақысын 42 пайызға арттыруға қол жеткізгені. Бұл өзгеріс профессор-оқытушылар құрамының ғылыми қызметпен айналысу мүмкіндігі мен уақытын арттыруды көздейді.
©️©️©️
«Өткен оқу жылында, яғни 2021 жылғы қабылдау науқанының нәтижелі жұмысының арқасында білімді, үздік талапкерлерді оқуға қабылдап, студенттердің үлкен контингентін қалыптастыра алдық. Бұл университет үшін маңызды көрсеткіш. Университетке 5000-нан астам білім алушы (5165 адам) қабылданды, бұл өткен жылдың деңгейінен 503 адамға көп.
Атап айтқанда, күндізгі оқу бөліміне 3261 студент қабылданды. Оның ішінде: 915-республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарының иегерлері, оның 49-ы алтын белгі иегерлері, сондай-ақ әлеуметтік қолдауды қажет ететін топтағы отбасылардың үміт еткен ұл-қыздары бар. Тағы 17-і жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік грант иегерлері», — деді Талғат Ілиясұлы.