Педагогтердің аудандық тамыз конференциясы
Сарысу аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» педагогтердің аудандық тамыз конференциясы өтті.
Салтанатты жиынды аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев ашып, ұрпақ тәрбиесімен айналысып жүрген ұлағатты ұстаздарға сәттілік тілеп, жаңа оқу жылы жақсы жаңалықтарға толы болсын деген тілек білдірді.
Жиын барысында білім беру жүйесін жетілдіруге елеулі үлесүздік қызметкерлер ҚР оқу-ағарту Министрлігі, Жамбыл облысының білім басқармасы, Сарысу ауданы әкімі, аудандық мәслихаты, «AMANAT» партиясының аудандық филиалы, аудандық білім бөлімінің атынан тағайындалған арнайы Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарын иеленді.
Ал, «Ең үздік шағын жинақталған мектеп» номинациясы бойынша «Білім беру ұйымдары қызметтерінің тиімділігін бағалау» рейтингісінің нәтижесінде ең жоғары көрсеткішке ие болған білім беру ұйымдарына облыс әкімінің 1 миллион теңгелік сертификаты табысталды.
Мерекелік шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, ұстаздардың көңілін бір серпілтіп тастады.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі