Пилоттық жобалардың нәтижесі нақтыланды
Аудан әкімі Марат Сұлтанғалиевтің төрағалығымен пилоттық жобалар мен ауылшаруашылық мәселелері туралы аппараттық кеңес өтті.
✅ Жиында әр ауылдағы падаларға асыл тұқымды бұқалар қосу және Түркістан, Жаңаарық ауылдық округтерінде комбайндардың егістік науқанына дайындығы, ауылдық округтер бойынша субсидия алып отырған шаруалардың жағдайы, Жайылма ауылдық округінің пилоттық жобаны іске асыруға және кооператив құруға дайындығы, Байқадам ауылдық округінде іске асырылған пилоттық жобаның нәтижесі дәне «Саудакент – 2019» кооперативінің қазіргі жағдайы туралы жауапты тұлғалар баяндама жасап, атқарылған жұмыстардың көрсеткішіне тоқталды.
♻️ Атап айтсақ, Сарысу ауданы бойынша 2022 жылдың 6 айдын қорытындысымен 25093 бас МІҚ малы тіркелсе (оның аналығы 11,752 мың бас), шаруа қожалықтарына қазіргі таңда 11 асыл тұқымды бұқалар сатып алынған. Сарысу ауданы бойынша 29 комбайн тіркелген, оның ішінде 4-еуі жаңа болса қалған 20-сы күрделі жөндеуден қалған, 5-еуғ ағымдағы жөндеуден өткен. 2022 жылдың өнімі үшін масақты дәнді дақылдарды оруға аталған 29 комбайнның барлығы жұмылдырылған.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы техникаларын, қосалқы техника және қондырғыларды сатып алуға 14,6 млн теңге бөлінген. Ал, жайылымдық алқаптарға инфраструктура тарту, құдық қазуға 51,0 млн теңге қарастырылған.
⚜️Байқадам ауылдық округінде іске асырылған пилоттық жобаның нәтижесінде жеке кәсіпкерлер саны 27-ден 232-ге көбейіп, қосымша өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны артқан. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 154 отбасыдан 14 отбасыға кеміген.
⏭ Жайылма ауылдық округі бойынша болашақта жүзеге асатын «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» жобасы аясында үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану, ауладағы мал шаруашылығын тиімді пайдалану, тұрғындардың ауыл сыртындағы жер үлесін тиімді пайдалану, кооперативті жабдықтау немесе құру, тұрғындардың өз кәсібін ашу, кеңейтуге арналған шағын жобаларды қаржыландыру бағыттары бойынша жүргізілген жұмыстар туралы айтылды. Жоба аясында жаңадан 156 жеке кәсіпкер және 174 жаңа жұмыс орны құрылады деп күтілуде.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі