«Пірсіздің пірі шайтан, әйелдің пірі күйеуі»
Кемпір деп күйеуі қайтыс болған егде жасқа келген әйелді айтады. Қазақта «пірсіздің пірі шайтан, әйелдің пірі күйеуі» деген мақал бар. Кемпір пірі кем әйел дегенді білдіреді.
Қазақ жетімін жылатпаған, жесірін қорлатпаған халық. Күйеуі қайтыс болған келіншекті жесір деп атаған. Қазақ оларды, құрметтеп сыйлаған. Күйеуі қайтыс болған кемпірлер үй билігінде түз билігінде өздері алған.
Ал, күйеуі тірі адамды ешкім кемпір демеген. Кейбір әжелеріміз де кемпір деген сөзге ащуланып қалатыны сондықтан.
Бірақ қазір көп сөздің шынай мағынасы ұмытылды. Қазақ халқында күйеуінен айырлысу деген болмаған. «Атың жаман болса сатып құтыларсың, қатының жаман болса, қайтып құтыласың» деген сөз содан қалған.
Ал, шал сөзінің мағанасын жазбақпын. Көбіне үлкен кісілер шал дегенге шамданып жатырса, ал қазіргі жас жігіттер «шал» деген сөзге мақтанады. Шал сөзінің түпкі мағанасы «түнгі төсекке жарамай қалған ер адам» деген сөз.
Қадірлі іні- келіндерім, сіздер аналарыңды, сүйген жарларыңды кемпірге теңемей-ақ, анашым, шешем, жарым, жұбайым, келіншегім, зайыбым десеңдер болады.
Ал, келіндер, күйеулеріңді «шалым», «біздің шал», «біздің үйдің шалы» дегенше күйеуім, отағасым, жарым, балаларымны әкесі десе болады ғой…
Бекболат Қарабала