Пияздың біз білмейтін пайдасы туралы…
Мысырлық бір шипагер былай деп жазады:,
— Адамдардың баламның қызуы көтеріліп кетті деп келсе, ашуым келеді, соған бола дәрігер, не болмаса дәрі, екпе салу керек пе екен? Үйлерінде кәдімгі пияз (жуа, сарымсақ, тіпті кей қазақтар лук деп те айтады) бар емес пе?
Пікірімнің дәлелі ретінде болған оқиғаны баяндап берейін. Ауруханада қызуы өте жоғары көтерілген бала өліммен арпалысып жатқанда қарт әжесі келіп, шұғыл түрде бір бас пияз әкелулерін өтінеді. Содан пияздың қабығын тазалмастан екіге бөліп, баланың табанына байлап, шұлығын кигізіп қояды. Ертесіне бала түк болмағандай, дені сап-сау ұйқысынан оянады. Табанына байланған пияздың түсі қап-қара түске айналыпты.
Тағы бір оқиға. 1919 жылы Мысырда тұмау індетінен 40 мың адам көз жұмады. Сол кезде медицина қызметкерлері елді мекендерде үйме-үй жүріп, адамдарға көмек көрсетеді. Қыстақтың шетінде тұратын бір диқаншының үйіне келіп таң-тамаша халге түседі. Себебі жанұя мүшелерінің бәрі дін аман, тұмауратқан адам жоқ.
— Бұл қалай болғаны, елдің бәріне тұмау тиіп ауырып жатыр, сіздің үйіңізде бәрі сап-сау,-деп сұрайды дәрігер.
— Міне, мынау ғой, күнде осылай жасаймын. Үйдің әр бөлмесінде бір пияздан қойылған,-деп үй иесі ортасынан екіге бөлінген пиязды көрсетеді. Аң-таң болған дәрігер пиязды ала сала микроскоппен тексере бастайды. Пияз қабаттарының арасынан тұмаудың вирустарының толып тұрғанын көреді. Содан, ортасынан кесілген пияз микробтарды өзіне тартып, оларды өлтіретіні мәлім болады.
Өте оңай, бірақ өте пайдалы.
Топқа достарды қосуды ұмытпаңыздар…