Полиция департаменті балалардың терезеден құлап кету қаупі туралы ескертеді

Елордалық полиция департаменті кәмелетке толмаған балалардың карантиндік жағдайдағы қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды сұрайды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
«Елордада төтенше жағдай басталғаннан бері балалардың терезеден құлауының екі фактісі тіркелді. Оқиға салдарынан бір бала қайтыс болды», — деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті. 19 наурызда 2 жасар бала үйдің ас бөлмесінде ашық тұрған терезенің алдына шыққан. Нәтижесінде қараусыз қалған бала 4-қабаттың терезесінен құлап, жарақат салдарынан ауруханада қайтыс болған. 2 сәуірде анасымен бірге болған 4 жасар бала уақытша қараусыз қалып, 4-қабаттың терезесінен құлаған. Бала ауыр жарақат алып, ауруханаға түскен. «Құрметті ата-аналар, азаматтардың үйден шығуын шектеу режимі енгізілген кезеңде өз балаларыңызға қатысты қауiпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұраймыз. Абайсыздық немесе салғырттық салдары ауыр зардапқа әкеліп соғуы ықтимал. Жазатайым оқиғалардың басым көпшілігі үлкендер болмаған кезде немесе баланың қауіпсіздігіне мұқият қарамаған жағдайда болады», — дейді полиция департаменті. Полиция департаменті ересек адамдардың қырағылық танытуын сұрайды. Осыған ұқсас жағдайларды болдырмау үшін төмендегідей кеңестер ұсынады: —              егер үйде бала болса, терезені ешқашан ашық қалдырмаңыз. Сізге бала қасыңызда жүргендей болуы мүмкін, алайда қасқағым сәттің өзі балаңыздың өміріне қауіп тудыруы мүмкін; —              москиттік сеткаларға сенбеңіз. Балалар оған сүйеніп, онымен бірге сырқа құлауы әбден ықтимал;              —              балалар өздігінен терезені аша алмас үшін терезелерге арнайы қорғаныс жүйелерін орнатыңыз; —              егер балаларға терезеден бірдеңені көрсететін болсаңыз, оны әрдайым мықтап бекітіңіз, баланың шұғыл қозғалысына дайын болыңыз, оны киімінен ұстамаңыз; —              барлық жиһазды терезеден алысырақ жерге жылжытып қойыңыз, бұл баланың терезенің алдына кездейсоқ шығып кетпеуіне көмектеседі.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі