Полиция қызметкерлері белгіленбеген орындарда қоқыс тастағандарды бейнебақылау камералары арқылы табуда

Аудандық әкімдікпен жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері бірлесіп күнделікті рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің пайда болуына жол бермеу, тәртіп бұзушыларды жауапкершілікке тарту бойынша жұмыстар жүргізуде.

Мәселен, Шу қаласында қоқысты белгіленбеген орындарда тастаған тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар банк чектері, түбіртіктектер, балаларына тиесілі дәптерлер, сондай-ақ, бейнебақылау камералар арқылы да анықталды.


Олар өз кінәсін толық мойындап, тастаған қоқыстарын жинап, құқық бұзушылықтың салдарын жойды. Барлығына қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434- бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Аталған баппен 5 айлық есептік көрсеткіште(АЕК), яғни 15 315 теңге мөлшерінде айыппұл көзделген. Егерде, 1 жыл ішінде құқық бұзушылық қайталанып жасалынса -10 АЕК немесе 30 630 теңге мөлшерінде айыппұл төлеуге алып келеді.

Сонымен қатар, тұрғындар арасында құрылыс нысандарының басшыларымен іргелес аумақтарды таза ұстау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.