Полиция қызметінің жаңа тәсілі
Бүгін жұмыс сапарымен Шу ауданына бардым. Жеке құраммен кездесіп, аудандық полиция бөлімінің жаңа бастығы — полиция подполковнигі Олжас Омарбеков Төлегенұлын таныстырдым.
Олжас Омарбеков ішкі істер органдарында 2004 жылдан бері жұмыс істейді. Қызмет жолын Жамбыл облысының ІІД жедел уәкілі болып бастаған. Әр жылдары Тараз қаласы Полиция басқармасының 1-полиция бөлімі бастығының орынбасары, Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы полиция бөлімінің бастығы лауазымдарында қызмет атқарды.
Кездесуге Шу ауданының әкімі Сәкен Арубаев та қатысты.
Олжас Төлегенұлын тағайындалуымен құттықтай отырып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың заңды мүдделерін қорғау, тұрғындармен тығыз байланыс орнату, сондай-ақ полиция қызметінің сервистік модельге көшуі аясында заңдылық пен құқықтық тәртіпті бұзудың кез-келген фактілеріне жедел ден қою бойынша жүйелі, кешенді жұмыс жүргізуді тапсырдым.