«Полиглот» «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»

Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде «Үш тұғыл тіл» мемлекеттік бағдарламасы талай жылдан бері жанданып келе жатқаны белгілі. Бұл ел тұрғындарының тіл біліп ғана қоймай, жастардың алыс-жақын шет мемлекеттерде білім алуына да жол ашты. Сондай-ақ, өңірлерде үш немесе одан да көп тіл білетін полиглоттар ұйымдарының құрылуына түрткі болды.  Осы орайда, Жамбыл облысында  Полиглоттар клубының  жаңа перзидент тағайындалды.

Ш. Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап кітапханасында облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы мен облыстық «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Полиглоттар» клубының жаңа маусымының ашылу салтанаты өтті.                             «Полиглоттар» клубының жаңа маусымының ашылу салтанатында Тараз қаласы оқу орындарынында оқитын полиглот жастар мен клуб мүшелері қатысты. Жаңа маусымның ашылу салтанаты тұсауын кесіп, алғаш өзінің жылы лебіздерін облыс әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының басшысының міндетін атқарушы Набира Сүйманова білдірді.                                 – Полиглоттар біздің облыста бұрыннан бері қызмет атқарып келеді. қазіргі таңда құрамында 14 пен 29 жас аралығындағы 300 жас қамтылған. Өткен жылы осы полиглоттар клубы 3 облыстық, 15 аудандық шара өткізді. Биылғы маусымда да жалпы облыс көлемінде 15 іс-шара ұйымдастыруды жоспарлап отыр,-дейді Набира Қапарқызы.                                     «Полиглоттар» клубының жұмысын ұйымдастыру, көптілділікті насихаттау, бірнеше тілді меңгерген бәсекеге қабілетті жастарға қолдау көрсету, шет тілдерді еркін меңгерген жастарды анықтау, олардың тілдік қабілеттерін шыңдау, көп тілді орта қалыптастыруды көздеген шарада көп тілді меңгеруші жастар бір ауыздан клубтың жаңа президентін тағайындады. Ол бес тілді меңгерген тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің 3-курс студенті Рамина Сабирова. Жаңа басшының алдағы уақытқа қойған жоспарлары жетерлік.

– Біз көп тіл білетін жастардың тіл меңгеруге зейінін арттарсақ дейміз. Қазіргі заманда көп тіл білгеннің артықтығы жоқ және тіл меңгеруге бүгінде барлық жағдай қарастырылған. Алдағы уақытта аудан-елді мекендердегі өзіміз секілді көп тілді меңгерген жастарды да клуб қатарына қоспақ ниеттеміз дейді,-Рамина Сабирова.

Шарада клуб жұмыстарын жүргізу бойынша ұсыныс пен пікірлер қарастылып, клуб мүшелерінің естелік суретке түсіп тарқады.

                                                                           Төлен Дедек