Политехникалық колледж директоры қашықтан оқытудағы тәжірибесімен бөлісті
Елордада политехникалық колледж директоры Қасымхан Сенғазиев колледждерде қашықтан оқыту және «Саналы ұрпақ» жобасын жүзеге асырудың өзекті мәселелері бойынша онлайн-диалог өткізді.
Қ.Сенғазиев қазір оқытудың Google classroom платформасында, Zoom және Hangouts бағдарламаларының көмегімен жүретінін атап өтті. «Онлайн-оқытуға көшу студенттерге өз бетінше тапсырмалар орындауға мүмкіндік береді. Мысалы, материал іздеу, ақпаратты талдау және барлық қол жетімді электронды ресурстарды пайдалана отырып оқытушылармен кері байланыста болу. Бүгінгі таңда оқытушылар онлайн-оқыту базасын кеңейтуде (дәріс материалдары, презентациялар, тапсырмалар, сайттарға сілтемелер, аудио және бейнематериалдар, т. б.). Кейін олар өздері жиынған мәліметті қайта пайдалана алатын болады», – дейді Сенғазиев. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментімен бірлесіп, колледж студенттері арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында онлайн-конкурстар(эссе, шығарма) ұйымдастырылып, сауалнама жүргізілуде. Сондай-ақ, колледж директоры тікелей эфир барысында оқытудың тәжірибелік бөлігін ұйымдастыру, көп балалы отбасылардан шыққан студенттерді онлайн-оқудан өту үшін қажетті техникалық құралдармен (ноутбуктер, компьютерлер) қамту, дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің жұмысы, шәкіртақы есептеу, колледжде білім алушылардың тәлімгерлері туралы сұрақтарға жауап берді. Қ.Сенғазиевтің айтуынша, қашықтан оқыту әлемнің көптеген оқу орындарында енгізілген. «Мысалы, «Синергия» университетінде 7 мыңнан астам студент онлайн форматта білім алуда. Нұр-Сұлтан политехникалық колледжі осы университетпен екі жылдан бері бірге жұмыс істейді. Бұл барлық колледждер үшін, әсіресе гуманитарлық бағытта білім алушыларға жақсы мүмкіндік», – деп атап өтті колледж директоры. Айта кетерлігі, политехникалық колледж түлектерінің 90%-ы оқуын аяқтаған соң бір жыл ішінде жұмысқа орналасады
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі