Польшалық инвесторлар Павлодар облысында жаңа дата-орталық салуға мүдделі
Әлемнің бес елінде өкілдігі бар MineBest LLC компаниясының өкілдері дата-орталықтың құрылысына 50 миллион долларға жуық қаражат салмақшы. Компанияның жоспарлары туралы оның басшысы Эяль Аврамович Павлодар облысының әкіміне айтып берді.
— Майнингтік криптовалютаның әлемдік нарығында біз 2007 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеміз. Қазақстан біздің басты стратегиялық әріптестеріміздің бірі, — деді MineBest LLC директоры Эяль Аврамович. – Біздің компания «Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркеліп үлгерді. Бұл қадам бізге Қазақстанда ресми жұмыс істеуге мүұмкіндік береді.
Кездесу барысында Эяль Аврамович дата-орталықтың жұмысы үшін арзан электр энергиясы қажет екендігін айтты. Сонымен қатар, ол әлемдік майнингтің көлемінің 70%-ы Қытайда өндірілетінін атап өтті. Алайда, ҚХР криптовалюта өндіруді тоқтатуы мүмкін. Бұл өз кезегінде Казақстан мен Екібастұзға майнинг нарығында өз орнын табуға көмектеседі.
— Біз қуаттылығы 1150 кВт-ты құрайтын «KEGOC» АҚ-ың екібастұздық бөлімшесіне қосылуды ұсына аламыз. Алайда, оған қажетті жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеу 7-8 айға созылуы мүмкін, — деді Болат Бақауов. – Екібстұздағы №1 МАЭС-ке қосылуға да болады. Бұл нұсқа бойынша жоба 90% дайын тұр. Станциядан үш шақырымдай жерде дата-орталықты орналастыруға қолайлы жер учаскесі бар.
Кездесу соңында аймақ басшысы әлеуетті инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.
Әлихан Рахметоллаұлы