Президент бағдарламасы ел өмірінің барлық маңызды саласын қозғайды

 Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзін Қазақстан жұртшылығы кеңiнен талқылады. Мемлекет басшысының бағдарламасын қолдауға шығармашылық интеллигенция, ғылыми қоғамдастық, үкіметтік емес ұйымдар мен ел азаматтары қатысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы бойынша құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің маңызды міндеттерінің бірі, оның ішінде 170-тен астам міндет кірген сайлауалды бағдарламасының орындалуына мониторинг жүргізу болуы тиіс, деп атап өтті «Жасыл экономика мен G-Global-ды дамыту» қоғамдық ұйымының негізін қалаушы және ұйымдастырушысы Салтанат Рахымбекова. «Ел Президенті Әлеуметтік, мәдени, этникалық, діни негіздегі төзбеушілік, экстремизм көріністерін болдырмауға, отандық бизнесті қолдауға, инвестициялардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, халықтың іскерлік белсенділігін ынталандыруға уәде береді. Сот жүйесін реформалауды жалғастыруға ниетті. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенiм кеңесi «маңызды заң жобалары мен жалпыұлттық даму бағдарламаларына қоғамдық сараптама жүргізеді», — деп атап өтті Салтанат Рахымбекова. Мемлекет басшысы бағдарламасының негізгі міндеттері ретінде ол «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында елді мекендерді кешенді дамытуды атап өтті. АӨК субсидиялаудың ашықтығы арттырылады, барлық субъекті үшін қаржы құралдарының жиынтығы кеңейтіледі. Сонымен қатар, атом энергетикасын дамыту референдумда талқыланғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Стратегиялық мәселелер бойынша шешімдер халықтың пікірін ескере отырып, сұрау салу арқылы, ал неғұрлым маңызды мәселелер бойынша – референдум арқылы қабылданатын болады. Сондай-ақ мемлекет, бизнес және ҮЕҰ арасында жауапкершілікті бөлу мақсатында 2025 жылға дейін азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы әзірленетін болады. Мемлекетке тән емес функциялар бейінді үкіметтік емес ұйымдарға берілетін болады. Әрбір орталық және жергілікті атқарушы органда азаматтарды қабылдаудың, халықпен жедел және тікелей кері байланыстың тұрақты жұмыс істейтін пунктері құрылатын болады. Шығыстарды, ең алдымен жергілікті деңгейде жоспарлауға халықты тартатын болады. Көлеңкелі экономика деңгейін ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне дейін – 15-17% төмендету жоспарланып отыр. Сонымен қатар, отандық бизнеске реттелетін сатып алуға рұқсат ашылады, off-take келісімшарттар тәжірибесін енгізеді, ал жаңа кәсіпорындарға үш жыл мерзімге инвестициялық салық несиелерін ұсынатын болады. Тиімсіз «имидждік» жобалар мен бағдарламаларды жабады. Өнімді жұмыспен қамту негізінде халықтың табысын арттыру мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалаудың негізгі өлшемі болады. Сондай-ақ неғұрлым сұранысқа ие мамандықтар бойынша кадрлар даярлаудың қазіргі заманғы бағдарламалары енгізілетін болады. «Атамекен» ҰКП әлеуметтік осал санаттағы 100 мың адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқытады, ал университеттер базасында практикалық бизнес-технологияларды игеруге баса назар аудара отырып, өңірлік бизнес-мектептер желісін құрады. Сондай-ақ, елдің заңдарын әзірлеу, қоғамдық талқылау және қабылдау рәсімі жетілдірілетін болады. ҮЕҰ басқарудың барлық деңгейіндегі нормативтік-құқықтық актілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасына тартылатын болады. Мемлекеттік шешімдерді қабылдауға ашықтықты қамтамасыз ету үшін қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары қатысатын болады. Салтанат Рахымбекова сɵз арасында әйелдердің мемлекет басқарудың барлық деңгейiне қатысуының артқанын да атап өтті. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру және бюджет қаражатын пайдалану үшін мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі күшейтіледі, ал қаражатты тиімсіз пайдалануға немесе ұрлауға байланысты құқықбұзушылықтар үшін «азаматтардың өтініштеріне немқұрайлы қарау» сияқты қатаң жаза қолданылады. Сонымен қатар, полиция қызметінің жұмысына қоғамдық бақылау күшейтіледі, құқық қорғау органдарының кадрларын іріктеу мен даярлауға қатаң талаптар қойылады, толыққанды мамандарды тарту үшін оларды әлеуметтік қолдау күшейтіледі. Педагогтар мен тәрбиешілердің мәртебесі артады, оларға қосымша әлеуметтік кепілдіктер берiледі, олардың жүктемесі азайтылады. Барлық өңірдегі балаларды толығымен мектепке дейінгі біліммен қамту жоспарланып отыр.