ПРЕЗИДЕНТ БЕКІТКЕН МІНДЕТТЕР: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АУДАН, ҚАЛАЛАРДЫҢ ЖОСПАРЫ ҚАЙТА ҚАРАЛДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығын бәсекеге қабілетті озық салаға, агроөнеркәсіп кешенін экономикадағы басты қозғаушы күштің біріне айналдыру үшін ауылға бетбұрыс жасау қажеттігіне ерекше мән беріп келеді. Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында Президент атқарылатын жұмыстың негізгі бағыттарын айқындаған болатын.






Бекітілген 11 индикатор бойынша Кентау қаласында 7 тапсырмада ілгерілеу бар, 4 тапсырманың көрсеткіштері төмен. Су үнемдеу технологиясын жүзеге асыру бағытында әзірге жоба ұсынылмаған, сондай-ақ, тыңайтқышпен қамтамасыз ету тапсырмасы орындалмай тұр. Кентау қаласы әкімінің орынбасары кемшіліктерді жоюға мерзім сұрап, оң нәтиже көрсетуге уәде берді.

Ордабасы ауданының су үнемдеу технологиясын ендіру межесі қайта қаралып, нақтыланды. Аудан әкімінің орынбасарына дайын өнім секторын дамыту мақсатында жаңа кәсіпорындар ашу бойынша жобалар ұсыну тапсырылды.

Кезекті қабылдау барысында Сайрам ауданында құрылатын өндірістік аймақ бойынша жобалар таныстырылды. Аудан әкімінің орынбасары жаңа технология енгізу бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізіп, жоспарларын баяндады.
Облыс әкімінің орынбасары Мемлекет басшысы бекіткен тапсырмалардың орындалуы күн тәртібінен түспейтінін ескертіп, басқарма басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Қабылдау нәтижелерімен хаттама түзіліп, тапсырмалар бекітілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі