Президент Ө.Шүкеевке арнайы тапсырма берді
Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысы кезінде Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақь Шөкеевке инвестиция мен агроөнеркәсіпке қатысты қиындықтарды шешуді тапсырып: «60-61-қадамдар – ауыл шаруашылық өнімдерін жасап шығару үшін стратегиялық инвесторлар тарту. Арада қанша уақыт өтсе де, бірақ әлі күнге дейін стратегиялық инвестордың қатысуымен бірде-бір жоба іске аспады. Уақыт өтіп жатыр, байқа. », – деді Елбасы ауыл шаруашылығының министрі Өмірзақ Шүкеевке.
Мұнымен қатар, Назарбаев инвесторларға қатысты тағы бір проблема туралы айтып өтті. «Gruppo Cremonini» тобы «Иналко» компаниясының ірі инвесторы бұрынғы ауыл шаруашывлығы мминистрі Асқар Мырзахметовтың соңынан үш жыл «жүгіріп», бірақ, бәрібір қуып жете алмаған. Бұл компания менің де алдыма келді. Олар төрт түлік малдың терісінен бастап тұяғына дейін өңдейді екен. Ал біз қалай жұмыс істеп, қалай өңдейміз?»— деп сұрақ қойды. Бұл мәселенің реттеліп жатқанын айтқан Ө.Шүкеев өз кезегінде: «Аягөзде австралиялық компанияның ет комбинаты бар. Өскеменде де тауық етін өңдейтін зауыттың инвесторлары бар. Біз ет алу үшін мал өсіру бағдарламасын жандандырғымыз келеді»,— деп жауап қайтарды.