Президент жүктеген жеті міндет: Қордай ауданында  жіті жүзеге асуда      

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік лауазымына кіріскен бойы тәртіп сақшыларының алдына жеті міндет жүктегені белгілі.  Президенттің бұл тапсырмасы тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өмір сүру жағдайын жақсартуға  бағытталып отырғаны анық. Бұл міндет құқық саласы қызметкерлерінің сан сүзгісінен өтіп, бүгінде жіті қолданысқа еніп отыр. Осы орайда Жамбыл облысы да Жолдау жүктеген міндетемелерді мінсіз орындауға күш салуда.

Мәселен 2019 жылы  Қордай  ауданы аумағында қылмысытармен құқық бұзушылықтын алдын алуда жедел ахуалды  жағдайды жақсарту мақсатымен бірқатар жұмыстар атқарылған. Нәтижесінде жалпы қылмыстардың тіркелуі 360-тан 350 –ге немесе -2,8 пайызға  төмендеген. Аса ауыр қылмыстар 18,5 пайыз, ауыр қылмыстар 30,4 пайыз, орта дәрежедегі қылмыстар 16,7 пайызға   азайған.

Қылмыстың ашылуы 77 пайыз немесе өткен жылдың сәйкес жылымен салыстырғанда 15,8 пайызға артқан.

Аудан тұрғындарының қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қадағалау ішкі істер бөлімінің тұрақты бақылауында. Тұрғындар қауіпсіздігі басты назарда. Осы мақсатта «Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 12,4 миллион  теңгеге 18 дана видеобақылау құрылғылары орнатылса, «Қауіпсіз аудан» бағдарламасы аясында 4 дана автоматтандырылған бейнетіркеу камералары қойылған. Бұл құқықбұзушылықтың алдын алып, тәртіп орнатуға септігін тигізбек.19 ауылдық округтердегі учаскелік полиция қызметкерлеріне 3 миллион 705 теңгеге 19 дана компьютер сатып алынған.

Сондай-ақ,2019 жылы Қордай аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметкерлеріне аудандық бюджеттен 30 термопринтер және ф30 планшеттер  сатып алуға 11,7 миллион  теңге қаражат бөлінген.

Сонымен  қатар, 6,0 миллион  теңгеге Қарасай және Сұлутөр ауылдарынан жергілікті полиция қызметкерлеріне қызметтік үйлер алынған. Қордай ауданы әкімдігінің қолдауымен Қарасай, Қаракемер, Масанчи, Сортөбе және Ауқатты ауылдық округтері мен елді мекендерінің тыныштығы мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және ауылдық округтердің Қырғыз Республикасымен шекаралас жатқандығын ескере отырып, 2018 жылы Ауқатты ауылында 20 штаттық бірлікпен ауылдық полиция бөлімшесі ашылып, жұмыстарын атқаруда.

                  Әрине бұл қордайлықтардың жұдырықша жұмылып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып еткен  ортақ еңбектің жемісі. Президент жүктеген тапсырмаларды орындау бұдан әрі де жалғасын табатындығы айқын.

Дедек Төлен

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.