Президент Жолдауы жан-жақты түсіндірілді

2021 жылдын 1 қыркүйегінде жариялаған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар -ел өркендеуінің берік негізі атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған болатын.
Жолдауды түсіндіру мақсатында облыстық ақпараттық түсіндіру тобы ауданда болды. Аталмыш топтың құрамында облыс әкімінің орынбасары,топ жетекшісі Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы, облыстық мәслихатының депутаты,топ жетекшісінің орынбасары Саурықов Ерболат Байұзақұлы, облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқарамсының басшысы, топ мүшесі Берікқожа Серікбол Қайратұлы болды.

 

Түсіндіру тобы Ұланбел ауылының тұрғындарымен және аудан орталығы Мойынқұм ауылында жергілікті атқарушы орган басшылары, ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлері, әлеуметтік сала қызметкерлері, ардагерлер, жастар мен БАҚ өкілдері қатысуымен жиын өткізді. Жиынды аудан әкімі Балқыбеков Әлихан Әбіләшұлы жүргізіп отырды.
Жиында Жолдауда көтерілген мәселелерді түсіндірген ақпараттық топ мүшелері ауылшаруашылық саласы, дәрі-дәрмек өндірісін ұлғайту, жалақының көтерілуі және басқа да әлеуметтік жобалар туралы айтып жиналған қауым ықыласпен тыңдады.

 

Айта кету керек барша аудан жұртшылығы 2021 жылдын 1 қыркүйегінде жариялаған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар -ел өркендеуінің берік негізі атты Қазақстан халқына Жолдауына қолдау білдіріп отыр.

 

Қуаныш Көбенғараев