Президенттік кадрлық резервке білікті жас мамандар тартылатын болады
Ағымдағы жылдың 7 тамызында өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрайымы Н. Жанназарованың және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау облыстық филиалының директоры А. Демеуованың қатысуымен брифинг өткізілді. Брифинг барысында аумақтық департамент басшысы президенттік кадрлық резервке іріктеу механизмдері бойынша ақпарат берді.
Аумақтық департамент басшысы Президенттік кадрлық резервтің мақсаты мен міндетіне тоқталып өтті. Яғни, кадрлық резервті болашақта мемлекеттің тізгінін ұстайтын жас шамасы 35-тен аспаған және еңбек өтілі 5 жылдан кем емес мамандарға жоғары лауазымдарға тағайындалуға мүмкіндік беретін жаңашыл институт деп айтуға болады.
Бұл ретте, айта кету қажет, Президент тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер іріктеуге қатыспайды.
Азаматтар Президенттік кадр резервіне үш жылдық мерзімге алынады. Осы кезеңнің ішінде тиісті бос орын болған жағдайда адам саяси немесе жоғары басқарушы әкімшілік лауазымына, ұлттық басқарушы холдингтердің немесе компаниялардың жоғары басқарушы лауазымына тағайындалуы мүмкін.
Президенттік резервтен тағайындауды көздейтін лауазымдар қызметтің бағыттарын ескеруімен топтастырылған:
лауазымдардың салалық тобы:
министрлер, олардың орынбасарлары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдерінің бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары;
орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары;
ұлттық басқарушы холдингтердің басқармаларының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың төрағалары және мүшелері;
салалық лауазымдардың тобы қызметтің мынадай бағыттарын қамтиды:
экономикалық саясат және мемлекеттік жоспарлау;
әлеуметтік саясат;
инфрақұрылымды және резервті дамыту;
сыртқы саясат;
құқықтық саясат пен қауіпсіздік.
Өңірлік лауазымдардың тобы:
- облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері;
- облыстық маңызы бар қалалардың, облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдері;
Әкімшілік лауазымдардың тобы:
- орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары;
- орталық мемлекеттік органдардың аппарат басшылары;
- жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген орталық атқарушы органдар аппараттарының басшылары;
- облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының басшылары.
Президенттік резервке кандидат бірқатар кезеңдерден өтеді. Атап айтқанда,
— Қатысу үшін құжаттарды тапсыру. Құжаттарды тапсыру рәсімі автоматтандырылған. Ұсынылған мәліметтің және құжаттардың шынайлығы іріктеудің әрбір кезеңінде тексеріледі.
— Кандидаттардың теориялық білімдерін тестілеуден өткізу. Тестілеуден өту рәсімі автоматтандырылған, онлайн-режимінде өткізіледі. Тестілік тапсырмалар кандидаттың теориялық тайындығын, талдамалық және сын тұрғысынан ойлау деңгейін анықтауға бағытталған.
Іріктеудің келесі кезеңіне жіберілетін ең жоғары нәтижелерді көрсеткен кандидаттардың саның Кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссиясы айқындайды.
— Берілген тақырыпқа эссе жазу;
— Салалық комиссиялардың алдында жобаны ұсыну, бұдан басқа құндылықтарды, мотивацияны және құзыреттерді бағалаудан өту, сараптамалық комиссияда әңгімелесуден өту, кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияда әңгімелесуден өту.
Спикердің айтуынша, резервтегі адамдарды лауазымға тағайындаудан бұрын ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқытудан өткізу көзделеді.
Сонымен бірге, оқыту шеңберінде аталған адамдар халықпен жұмыс істеуге, халықтың алдында сөйлеуге, белгісіздік жағдайда жұмыс істеуге қажетті құзыреттерді ұлғайту мақсатында мемлекеттік органдарда және ұйымдарда тағылымдамадан өтетін болады.
Департамент басшысының айтуынша: «Агенттіктің аумақтық департаментінің негізгі қызметі Мемлекет басшысының мемлекеттік қызмет жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша тапсырмаларын орындауға бағытталған».
Брифингтің екінші бөлігінде сөз алған ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау облыстық филиалының директоры А.Демеуова филиал тарапынан 2019 жылы атқарылған жұмыстар және алдағы оқу кезеңіне жоспарланған іс-шаралар туралы кеңірек ақпарат беріп өтті. Академия филиалы қабырғасында алғашқы жартыжылдықта жалпы саны 478 адамды қамтыған біліктілікті арттыру бойынша 17 курс, ал қайта даярлау бойынша 5 курс ұйымдастырылды. Жылдың аяғына дейін сәйкесінше біліктілікті арттыру бойынша 5 курс, қайта даярлау бойынша 5 курс өткізіп, 153 адамды қамту жоспарлануда. Спикер, әсіресе басты назарды мемлекеттік қызметшілер арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберіндегі тың бастамаларға аударды (театр қойылымдарына бару, өлкетану аясында табиғатқа шығу, т.б.)
Жалпы айтқанда, Мемлекет басшысының кәсіби әрі тұтынушылардың сұранымына сай келетін мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіруге бағытталған басымдықтарын орындау бойынша жұмыс Агенттіктің аумақтық департаменті және Академияның облыстық филиалымен одан әрі жалғасын табатын болады.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Маңғыстау облысы
бойынша департаментінің баспасөз қызметі