ПРОФЕССОРДЫҢ ЕКІ ТҮРЛІ ӨМІРІ

Бизнесмендер, директорлар, басшылар қатарлы ылғый ығай мен сығайлардан құралған бір группада дәріс оқитын атақты ғалым,80 жасқа аяқ басқан қарт профессор тыңдаушыларының заң, салық, қоғам, қоршаған орта, ақша-қаражат, отбасы, мектепке қатысты «ол солай болса, бұл былай болса» деген т.б барлық мүмкіндіктерді жоққа шығарып, қиыншылықтар мен кедергілерді алға тартқан ызыңдаған сылтауларын үнемі естиді екен. Бірде ол, «Тиімсіздік — бұл тек сіздің өз нәтижеңіз»,-дегенді айтыпты.
Сосын былай депті:
Әлқисса, алдымен сіздерге өзімнің қайғылы тарихымды айтайын. Мен құрсаққа түскеннен бастап бақыт бұйырмапты. Әкем жүк тасушы болыпты, ал кәмелетке толмаған анам оған жүкті екенін айта салысымен тастап қашып кетіпті.
Сондықтан менің әкем жоқ. Бұл менің бақытсыз тағдырымның бастамасы ғана болды. Анам босана салысымен мені қабылдамай, сол перзентханаға тастап кетіп қалыпты. Осылайша мен жаңадан келген бейтаныс ғаламда жападан жалғыз қалыппын.
Сорақысы сол, мен аурушаң болыппын, оның үстіне қызыл терілі (индиан) болғандықтан мені ешкім асырап алғысы келмей, ақыры балалар үйіне ауыстырылдым. Балалар үйі түрлі-түстілерге арналған асырау орны болғандықтан, қытайлық балалар алақаны мен жұдырығының қышуын басатын, мексикалық балалар түкіретін, қара балалар шымшып алатын өмір мені қарсы алды. Мектеп те мен үшін азап болды. Мұғалімдер әрдайым өзгеріп отыратын және оқуға өте қиын болатын. Жалпы бұл өте сәтсіз басталған өмір болатын.
Бұл менің өмірімнің бірінші беті, енді екінші бетін айтайын!
Бірақ мен ең бақытты адаммын. Мен құрсақа түскен күннен өз бақытыма ие болдым. Берекесіз күй кешкен әкем менің өмірімнен жоғалып кетті, ал сәтсіздікке ұшыраған анам да менің өмірімнен кетіп қалыпты.
Әкем мені асырап тәрбиелей алмайтынын біліп, қашып кеткен болар. Мен бұл шешімі үшін оған алғыс айтамын. Егер мен онымен бірге болсам кім болар едім? Мүмкін, ол мені мықты адам болдырып өсіре алмайтынын іштей сезген шығар. Сонысы үшін белгісіз әкеме алғыс айтамын.
Мен өте бақыттымын.
Жап-жас, әрі қызыл терлі (индианка) анамның мені перзентханадан қабылдап алмағаны да жақсы болды. Егер ол мені өзімен алып шықса, менің тірі қалу мүмкіндігім өте аз болар еді. Мені тастап кеткені — маған өмір сүруге мүмкіндік берді. Бұл үшін мені 17 жасында тауып, тастап кеткен белгісіз анама алғыс айтамын. Егер ол менен бас тартпаған болса, менің балалық шағым өте қиын болған болар еді.
Алғашқы шыр еткен дауысым шығысымен жетім қалған мен, жалғыз екенімді, ешкімге жүгінбейтінімді инстинктивті түрде сезінгендіктен ішкі қуатым өте күшті болды.
Арықарай бақытым тіптен ашылды, өйткені мені ешкім асырап алмағаны тіптен жақсы боллды. Егер мені біреу-міреу асырап алған болса, әлсіз аурушаң мені ол адамдардың жайлы ортадағы сүйіспеншілік пен қамқорлығы күшті, әрі тәуелсіз тұлға етіп жасап, тәрбиелеп шығара алмайтын еді деп ойлаймын.
Балалар үйіндегі сол бір орта мені шыдамды өмір сүруге үйретті. Қытайлардан төбелесуді, қаралардан қан қақсатып шымшуды, мексикалықтардан түкіруді әбден жақсы меңгерген едім. Түкіргенде көрсетіп беремін. Бұл да сәттілік емес пе?
Мектепте де жақсы болды. Мұғалімдердің жетіспеуіне байланысты бір мұғалім көптеген пәндерден сабақ береді. Мен орта мектепте оқып жүрген кезімде «Жүретін энциклопедия» деген лақап атқа ие болған биология және математика пәнінің мұғалімі маған жақсы қарады.
Мен оның сабақтарын жақсы көретінмін, ол пәндерден озат болдым, ал мектеп бітірген кезде сол ұстаздың ақылымен колледжге оқуға түстім. Содан кейін мен университетке, содан кейін ғылыми зерттеулерге, содан кейін отбасыма, содан кейін балаларыма, немерелеріме жеттім, қазір шөбере-шөпшектерімді де көрдім, бақыттымын. Мен бақыттың жұлдызында туылғаныма шексіз қуаныштымын және тағдырыма ризамын. Сіздер менің екі түрлі өмірім туралы әңгімемді тыңдадыңыздар. Қайсысы ұнады?І…
Біреулер, «егер солай болған болса … мен сөйтер едім», «егер менде сол нәрсе бар болса…», «ол солай болса…» т.с.с. өзін-өзі ақтауға тырыса бастаған кезде мен өз өмірімді еске аламын»,- депті де қарт профессор үн-түнсіз шығып кетіпті.
А.Т