Психикалық ауытқуы бар, тірек қозғалысы бұзылған мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған сыйымдылығы шағын мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталығы
1990 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен белгіленіп жыл
сайын аталып өткізілетін психикалық ауытқуы бар, мүмкіндігі шектеулі балалардың ескерусіз қалмауын ұйымдастыра отырып, жекеленген шаруа қожалықтарының басшыларын, жеке кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтарды, мекеме қызметкерлерінің демеушілігімен қайырымдылық акциясын өткізді. Психикалық ауытқуы бар, тірек қозғалысы бұзылған мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Мейірімділік жүректен» атты мерекелік іс шара өтті. Бұл орталықта 25 бала тәрбиеленіп жатыр. Орталықта балалар логопед, дефектолог, психолог, массаж, ЛФКА мамандарының қызметі көрсетіледі. Биылғы жаңа оқу жылына 2 баланы мектепке дайындап орта мектепке жіберді. Үйде оқытылатын балаларды мектепке ұстаздары орталыққа келіп оқытады. Мерекелік іс шарада балалар тақпақтар айтты, өлең айтты. Тәтті салынған корзина бір балаға 4000тг-ден жалпы 25 балаға соммасы 100.000тг демеушілігі мен қайырымдылық акциясы өткізілді.