Қ. Тоқаев: Мақтау сдердің көк тиындық құны жоқөз

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «31 арнада» көрсетілген «Президент 2.0» деректі фильмінде ресейлік журналист Алексей Пивоваровпен сұхбаттасты. Осы бейресми әңгіме барысында журналист сауалдарына жауап берген ел президенті: «Білесіз бе… Маған ешкім жағымпазданбайды. Бәлкім, мен ондайды ұнатпайтын болғандықтан шығар. Ұнатпау былай тұрсын, ашығын айтсам, ондайды жақтырмаймын. Қазірдің өзінде жағынуға тырысып жатқандар бар. Мәселен, Өзбекстанға сапарлап барып қайтқаннан кейін «Тамаша!», «Мұндай еш уақытта болмаған», «Кескін-келбетіңіз керемет болды!» деген сияқты сөздер айтылды. Бірақ, өз басым мұндай жағымпаздықпен айтылған сөздерді елемеуге тырысамын, оған жауап та бермеймін. Естімеген адамдай өте шығамын. Өйткені, бұл мақтау сөздердің көк тиындық құны жоқ. Ең басты сыншы — өзім. Қай жерде жарқырай алмағанымды білемін. Тіпті қатал сыншымын деуге болады