Қ.ТОҚАЕВ: ШЕШІМДІ ҚАБЫЛДАР АЛДЫНДА НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫМЕН КЕҢЕСТІМ

Бүгін Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ алдағы президенттік сайлау өтетін уақытты жариялады. Сонымен кезектен тыс саяси науқан 2019 жылдың 9 маусым күні өтетін болды.

Мемлекеттік арналардан үндеу жолдаған Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫ бұл шешімді қабылдарда тұңғыш президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВПЕН кеңескенін жария етті.

«Бұл шешімді қабылдар алдында Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫМЕН кеңестім. Конституциялық кеңес, парламент спикерлері, үкімет басшыларымен кездестім. Саяси партия басшыларын да қабылдадым. Президенттік сайлаудың таза, әділ әрі ашық өтуіне кепілдік беремін», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Дереккөз: “Жасалаш” газеті