ҚАБЫЛДАУ

Бүгін Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев тұрғындармен жеке мәселелер бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауда тұрғын үй алу, уақытша тұрғын үйде тұру, жер мәселесі, материалдық көмек және өзге де жеке мәселелер бойынша тұрғындар болды. Қабылдау барысында азаматтардың өтініштерін тыңдаған аудан басшысы әр мәселеге жеке тоқтап, заң шеңберінде шешу жолдарын түсіндірді. Қадағалауды қажет ететін мәселелер басшылыққа алынып, жұмыс жүргізілетіндігі айтылды. Қабылдауда көтерілген мәселелерге байланысты жауапты сала басшыларына тапсырмалар берілді.

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі