Қайырымдылық – адамгершіліктің белгісі
Ағымдағы жылдың 11 маусым күні «Алель Агро» АҚ ЖФ демеушілігімен Байзақ ауданы Көптерек ауылы әкімшілігі және аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен Кеңес ауылының тұрмысы төмен аз қамтылған көмек қажет ететін 44 отбасының 269 адамының әр қайсысына (үлкен адамдарға, балаларға) қажеттілігіне қарай қысқы сырт киімдері мен жылы киімдер, жазғы киімдер мен аяқ қиімдер және аксессуар түрінде, барлығы 1309 дана жиынтықта қайырымдылық ретінде көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, қайырымдылық көмек алған азаматтардың барлығы демеушілерге дән риза болып, жаны жайсаң азаматтар көбейе берсің және бұл соңғысы болмайды деген сеніммен рахметтерін жаудырды.