Қайырымдылық жасайсың ба..?
Бағалы құндыз ішік киген келіншек базар маңында қолдың жұмыртқасын сатып тұрған атаның қасына келді. -Жұмыртқа қаншадан? -Бір данасы 30 теңге. -Қымбат. 19 теңгеге берсеңіз, түгел әкетем. Ата біраз ойланып тұрды да: -Алсаң ала қойшы, қызым. Мына аяз өңменімнен өтіп барады, әрі таңнан бері бірде-бір жұмыртқа сатпап едім. Тым болмаса нан, сүт апарайын үйге… Әр жұмыртқадан 11 теңге түсіріп алған келіншек бір жеңіске жеткендей мәз болып, қымбат көлігіне отырып, мейрамxанада күтіп отырған құрбысына қарай тартты. Екеуі 19 000 мың теңгеге түстеніп, 1000 теңге қайтарым ақшаны алмай, «шәйға» тастап кетеді. Қызық, иә. Біз ақшаға шын мұқтаж жанның қасына келгенде үнемі «сараңдық» танытып, ақша беруден аяп, тырысып қаламыз. Жәй ғана бараxолкаға барыңыз, таңнан кешке дейін қақаған -40 градус аязда, дірдек қағып тұрған сатушыдан зат алсақ, бағасын түсірмейінше тұрып аламыз. Түсірмесе, балағаттаймыз кеп. Ол ондай ит байласа тұрмас жерде, бала-шағасын сыртынан кілттеп, нанға ақша табу үшін шыдап тұр. Соған келіп күшті екенімізді көрсеткіміз келеді. Ал сенің аз ғана тиын-тебеніңді мүлде керек етпейтін жерде өзімізше ақкөңілденіп «шәйға» тастап кетеміз. Мысалы, мың теңге манағы қымбат рестораннан гөрі жұмыртқа сатқан атаға көбірек керек еді. Сингапурдың Премьер министрі Ли Куан Ю былай дейді: «Әкем өзіне керек болмаса да жағдайы жоқ адамдардың заттарын өте қымбатқа сатып алады. Ес білгелі солай. Түсінбейтінмін. Ержеткен соң себебін сұрап ем, әкем күлімдеп: «Бұл-қайырымдылықтың бір түрі» деді… Байлықтан ләззат алудың құпиясы-біреуге көмектесуде.
Сауле Мешітбайқызының фб парақшасынан