Қала көшелері жөнделуде

Талас ауданы аумағында 587,59 шақырым автомобиль жолдарының 394,1 шақырымы облыстық, 193,49 аудандық маңызы бар жолдар.
Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Бостандық, Аққұм, Шәкіров және Талапты ауылдарында барлығы 23,6 шақырымды құрайтын 25 көшеге бюджеттен 470 миллион теңге қаржы бөлініп, орта жөндеу жұмыстары атқарылуда. Одан бөлек, Қаратау қаласына оңтүстіктен кіреберіс 4,1 шақырым аудандық маңызы бар жолға бюджеттен 149 185,0 мың теңге қаржы қарастырылып, келісімшарттары жасалуда.
50/50 басымдық бойынша 15,8 шақырымды құрайтын аудан орталығындағы Ы. Алтынсарин, Ә.Жангелдин, А.Байходжаев, Ә.Молдағұлова, Б.Қарашаұлы, Арыстанбаб баба және Майтөбе, Ойық, Тамды, Қызыләуіт ауылдық округтеріндегі әр елді мекеннен бір көшеден жөндеу мақсатында әртүрлі деңгейдегі бюджеттен 468 миллион теңге бөлініп, жұмыс басталып, жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
\
Талас аудан әкімдігі