«ҚАЛА ЖОЛДАРЫ» ЖШС ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІКТІҢ БАЛАНСЫНА ҚАЙТАРЫЛДЫ

Бұл туралы МО қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Ерғали Скендиров мәлім етті.Оның атуынша, «ҚАЛА ЖОЛДАРЫ» ЖШС-нің негізгі құрылтайшысы Ақтау қалалық әкімдігі. 2018 жылы сенімгерлік басқаруға «Маңғыстау БС» груп ЖШС берілген. Соған байланысты Ақтау қалалық қаржы бөлімі өткізген конкурстық негізде екі жақты келісімшарт жасалған.

«Алайда, 2020 жылы Табиғи монополияларды реттеу комитеті МО бойынша департаментінің нұсқамасына сәйкес Ақтау қалалық «Қала жолдары» ЖШС-нің мемлекеттік басқаруға ұсыныс түскен болатын. Қалалық әкімдік тарапынан «Маңғыстау БС» груп мекемесіне хабарлама берілген. Десе де, тиісті жауап берілмегендіктен, келісімшарт бір жақты бұзылды. Қазіргі уақытта осы мекемеге жаңа басшы тағайындалып, алу-беру актілері жүргізіліп жатыр. Қалалық әкімдік тарапынан комиссия құрылды. Енді олар мемлекеттік мүліктерді қабылдау бойынша тиісті жұмыстар жүргізетін болады»,-деді Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Ерғали Скендиров.

Мамандардың айтуынша қаладағы тазалық жұмыстарын жүргізуге шамамен 600-700 адам жұмылдырылу қажет. Дегенмен е де 10 адамның жұмысын 1 адам жасағандығы, жұмысшылардың жалақысының аздығы байқалған. Ақтау қаласы әкімінің келісімімен «Қала жолдары» ЖШС жаңа басшы тағайындалды. Серікбаев Ғалымжан Иванұлы бұған дейін «Каспий» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы», Қарақия аудандық «Тұрмыс-Сервис» МКК мекемесінде қызмет атқарған.

«Қала жолдарының құрылтайшысы ретінде бізге берілген қала жолдарын күтіп ұстау. Бүгінде басқа тараптардан ешқандай кедергілер туындап жатқан жоқ. Жалпы негізгі себеп жұмыстың дұрыс, тиісті деңгейде атқарылмауы. Шағын аудандардағы қоқыстар уақытылы тазаланбауы, ағаштардың суарылмауы т.б. Бұның барлығы сенімгерлік мекемесінде болса да барлық сұрақтар әкімдік тарапына қойылады. Сондықтан осыны ретке келтіру мақсатында, қалалық әкімдік тарапына қайтарылып алу, беру актілері жүргізіліп жатыр»,-деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жетібай Құбашев.

МО ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ