Қалалық мәслихат депутаты Мирас Шекенов: Мемлекет басшысы мәлімдеген шаралар азаматтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған
Қазақстан Президентінің елдегі төтенше жағдайды аяқтауға байланысты жасаған
мәлімдемесі мен ондағы айтылған шаралар мемлекеттің экономикасын қалпына келтіріп,
Covid-19 эпидемиясына байланысты экономикалық дағдарыс жағдайында туындаған
әлеуметтік мәселелерді оның экономикалық аспектілерін ескере отырып, Жолдауында
айтылғандардың өзекті толықтыруы деуге болады, дейді Нұр-Сұлтан қалалық
мәслихатының депутаты Мирас Шекенов. «Президент жедел түрде экономиканың басты
секторлары – өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сервистік және энергетикалық кешенге
айтарлықтай реформа әкелетін экономиканың жаңа құрылымын құруға шақырды. Әлемдік
мұнай нарығындағы келеңсіздіктерді ескере отырып, орташа мерзімде «жасыл
энергетикаға» көшу туралы хабарланды. Индустриалдық блокта сыртқы және ішкі
нарықтардағы шынайы мүмкіндіктері анықталады. Отандық материалдар мен құралдарды
кеңінен пайдалану бизнестің дамуының басымдылығы ретінде тіркеледі.
Инфрақұрылымдық жобаларда жергілікті локализация деңгейін қалыптасқан 40-тан 67%
жеткізу мінідеті жүктелген», — деді М.Шекенов. Азық-түлік қауіпсіздігі мемлекет
басымдық беріп отырған өзекті мәселе, деді спикер. Ол үшін қолданыстағы
бағдарламаларға жеке қосалқы шаруашылықтарды тарту және олардың ауылшаруашылық
өнімдерін нарыққа жеткізуді қамтамасыз ету тетіктері жасалып, іске қосылады. Бұл
мақсатқа жеке қосалқы жер учаскелерінің иелеріне 6% мөлшермен микрокредиттер
беріледі. «Мемлекет басшысының мәлімдемесінде құрылыс индустриясы сөз болды. Ол
экономиканы дамыту және халықты жұмыспен қамту көрсеткішінің стимулы болып
табылады. Қолжетімді баспана құрылысы әлеуметтік қолдаудың факторы болуы керек.
Президент «5-10-20» формуласы бойынша баспанамен қамтамасыз етудің жаңа жобасы
іске қосылатынын айтты. Ол үшін 390 млрд теңге бөлінеді. Бұдан бөлек, тұрғын үйді
орталықтан есептеу, тіркеу және үлестіру институты құрылады. Ең бастысы азаматтар өз
зейнетақы жиынтығын тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағыттау мүмкіндігі беріледі», –
деді депутат. Оның сөзінше, бізді медицина, білім мен әлеуметтік қорғау саласындағы
түбегейлі өзгерістер күтіп тұр. «Бұл шаралар денсаулық сақтау жүйесінің сапасын
арттыруға, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет пен тұтас денсаулық сақтау саласын
күшейтуге бағытталады. Карантин елдегі цифрландыру саласының кем тұстарын көрсетті.
Сондықтан электорнды үкіметтің тұжырымдамасы қайта қаралып, бизнес пен мемлекеттің
байланысы цифрлық форматқа көшіріледі. Стратегиялық жоспардың маңызды бағыты
мемлекеттік басқару жүйесінің түрленуі болады. Мақсат – жаңартылған, тиімді, жинақы,
жағдайдың өзгеруіне байланысты шапшаң әрі тез шешім қабылдай алатын мемлекеттік
аппаратты қалыптастыру. Осы және басқа да шаралар халықтың табысын арттыру,
бизнесті қолдау және дамыту, білім мен ғылым жүйесін жетілдіру, ел азаматтарының
өмірі мен денсаулығын қорғауды көздейді», – деп түйіндеді М.Шекенов.
Депутат городского маслихата Мирас Шекенов: Заявленные Главой государства
меры направлены на повышение уровня жизни граждан
Заявление Президента страны, связанное с завершением Чрезвычайного положения в
стране и изложенными в нем мерами, направленными на восстановление экономики
страны, и решение социальных вопросов в условиях экономического кризиса, связанного
с эпидемией Covid-19, с учетом его экономического аспекта, можно назвать актуальным
дополнением к ранее озвученному Посланию, считает депутат маслихата Нур-Султана
Мирас Шекенов. «Президент призвал в срочном порядке выстроить новую структуру
экономики, что повлечет значительные реформы в главных секторах – промышленности,
сельском хозяйстве, сервисном и энергетическом комплексах. Учитывая все перипетии на
мировом нефтяном рынке, анонсирован переход в среднесрочном периоде на «зеленую
энергетику». В индустриальном блоке будут определены реальные возможности на
внешнем и внутреннем рынках. Максимальное использование отечественных материалов
и оборудования будет зафиксировано как приоритетное условие развития бизнеса. В
инфраструктурных проектах поставлена задача повышения уровня местной локализации с
имеющихся 40 до 67%», – сказал М. Шекенов. Продовольственная безопасность,
продолжил он, становится приоритетным вопросом для страны. Для этого к действующим
программам будут выработаны и запущены механизмы задействования личных
подсобных хозяйств и обеспечения поставки ими сельскохозяйственной продукции на
рынок. На эти цели будет предусмотрено микрокредитование собственников личных
подсобных хозяйств со ставкой 6%. «В заявлении Главы государства была отдельно
затронута строительная индустрия, являющаяся мощным стимулом развития экономики и
роста занятости населения. Фактором социальной поддержки должно стать строительство
доступного жилья. Президент заявил о запуске нового проекта обеспечения жильём по
формуле «5-10-20». На это будет направлено 390 млрд тенге. Кроме того, будет создан
институт централизованного учета, постановки и распределения жилья. Самое ожидаемое
– гражданам будет доступна возможность направлять свои пенсионные накопления на
цели улучшения своих же жилищных условий», – отметил депутат. По его словам, нас
ждут коренные преобразования в сфере медицины, образования и социальной защиты.
«Эти меры будут направлены на повышение качества системы охраны здоровья, усиление
санитарно-эпидемиологической службы и всей структуры здравоохранения. Карантин
показал слабые места в цифровизации страны, поэтому будет переосмыслена суть
концепции электронного правительства, а общение между населением, бизнесом и
государством практически полностью перейдет на цифровой формат. Важнейшим
направлением Стратегического плана станет преобразование системы государственного
управления. Цель – создание обновленного эффективного, компактного госаппарата,
быстро и оперативно принимающего решения в ответ на изменения обстановки. Эти и
другие заявленные меры направлены в первую очередь на повышение доходов населения,
поддержку и развитие бизнеса, совершенствование системы образования и науки, защиту
жизни и здоровья всех граждан нашей страны», – резюмировал М. Шекенов.