ҚАЛЫҢ МАЛ

(оқыңыз қызық)
Баяғыда бір байдың екі қызы болыпты. Біреуі сондай ақылды, шебер, көркем мінезді, өте әдемі, ал екіншісі өте ерке, мінезі сондай дөрекі, әдепсіз, ешкім жақтырмайды екен оны. Бір күні көрші ауылдан қыз айттыруға екі кісі келіпті.
Сонда жаңағы шал оларға:
-Менің екі қызым бар, біреуінің мінезі нашарлау, өзі дөрекі, өте ерке, соны бір сиырға бере салам, ал екінші қызым сондай көркем мінезді, қолынан бал тамған шебер, соны үш сиырға берем,-деген екен.
Сөйтсе, жаңағы жігіт:
-Жеті сиыр беріп, нашарлау қызыңызды алам,- депті.
Бүкіл ауыл аң-таң. Содан бір жыл күтіпті, қызды қайтып әкеп тастайтын шығар деп, екі жыл күтіпті, жоқ.
Үшінші жылы шал кемпіріне:-Барып көрейік енді, ана қыз не боп жатыр екен, тым-тырыс боп қалды ғой-депті. Сосын, көрші ауылға барса, шетте әп-әдемі үй тұр екен, күйеу баласының үйі екен. Сүп-сүйкімді балалары жүгіріп жүр, мына жақта қозы-лағы, көз қуанарлықтай бір көрініс. Үйге кірсе, өзінің қызы екен, кәдімгідей әп-әдемі, айрандай ұйыған отбасы бопты. Шал мен кемпір таң қалыпты. :
-Біз сені қашан әкеп тастайды,- деп бүкіл ауыл боп уайымдап, күтіп отсақ, мынауың қалай болғаны?-десе. Жаңағы қызы:
— Мені өте жоғары бағалады, жеті сиырға бағалағаннан кейін, сол жеті сиырдың құнынан төмен болғым келмеді,- депті.
Қандай ғажап десеңші,біз болсақ, тіпті жақсыларды бағалай алмай жатамыз ғой.
Бір-бірімізді бағалай білуді үйрену керек екен.