Қандай есім көп қойылады?

Павлодар облысында жыл басынан бергі жалпы ішкі өнім көлемі 532.4 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 3 есеге ұлғайды. Сонымен қатар, алыс жақын шет елдер арасындағы тауар айналымының көлемі жарты жыл ішінде 548 млн. доллорға жеткен.  Бұл туралы облыстық статистика департаментінің басшысы Дана Сұлтанова өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айты.

-Павлодар облысының кәсіпкерлері Ресей, Қырғызстан, Беларусь мемлекеттермен тығыз байланыс жасауда. Сауда айналымының экспорттық үлесі басым болды. Яғни, біздің тараптан көп тауар шығарылды, — дейді Дана Шәкенқызы.

Департамент басшысының мәліметіне сүйенсек, ішкі нарықтағы азық-түлік және басқа да тауар бағалары былтырғы жылмен салыстырғанда 4-6 пайызға өсіпті. Биылғы жылғы ең төменгі күнкөоріс мөлшері бір адамның басына шаққанда 25318 еңгені құрайды. Республика көлемінде бұл көрсеткіш 27850 теңгеге тең. Павлодар облысында ең жоғарғы еңбекақы Екібастұзда тіркелсе, ең төменгі жалақыны Май ауданы тұрғындары алады.

Облыстық статистика департаменті облыстағы қалалықтар мен ауылдықтардың үлес салмағын анықтапты. Мәселен, облыс көлемінде 754501 тұрғын бар болса, соның 500 мыңнан астамы облыс орталығында тұрса, 200 мыңнан астамы ауылдық жерді мекендейді. Облыстағы адам саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1528 адамға азайған. Павлодар өңірінен шетелге қоныс аударушылардың саны артып келеді. Бір жыл ішінде 4323 адам көшкен. Олардың көбі Ресей мен Германияға баратынын айтады.

Статистика мамандары отбасылық-демографиялық ахуалға байланысты қызықты мәліметтер ұсынып отыр. Биыл өңірімізде бір ана үшем дүниеге әкелсе, 52 ана егіз бала туған. Ал, жаңа туған ұл балаларға ең жиі қоятын есімдердің қатарында – Әлихан, Нұрислам, Айсұлтан, қыздар арасында Айару, Айзере, София, Інжу есімдері көптеп кездеседі. Сонымен қатар, өте сирек кездесетін есімдер де бар. Олардың қатарында  Ақкербез,  Хаят, Саад және Харлампий деген есімдер бар.  Жылдың алғашқы жартысында өңірімізде 4833 сәби өмірге келсе, олардың 2513-і ер бала.

Тілеуберді САХАБА