«Қансонар-2022»: Қарағанды облысында тазылар алғаш рет 5 км жүгірді

Ақтоғай ауданының Шашубай кентінде тазыларжарысы өтті. Шараға Қазақстанның барлықаймақтарынан 50-ден астам тазы асыраушыларқатысты. Олар төрт аяқты достарының ептілігі менкербездігін көрсетіп қана қоймай, арнайыұйымдастырылған көрмеде тазы тұқымының барлықартықшылықтарын көкпшілік назарына ұсынды.

 

 

«Қансонар-2022» ұйымдастырушысыАқтоғайауданының тұрғыны Құрмаш Нұрпейісов. Ол нағызқазақи аңшы иттердің жанкүйері және тәжірибесімол аңшы.

Мен ауданның қарапайым тұрғынымын, «Ақтоғай Энерго» кәсіпорнында учаске бастығыболып жұмыс істеймін. Мен тазыларды, аң аулаудыжақсы көремін. Менде жеті тазым бар. Жұбайым менбалаларым да менің иттерге деген сүйіспеншілігімдіқолдайды және оларды асырауға көмектеседі. Тазыотбасымыздың мүшесі, – дейді Құрмаш Нұрпейісов. – Мұндай ауқымды жарыстарды мен бірінші ретұйымдастырып отырған жоқпын. Мен сондай-ақолардың демеушісі боламын. Керемет бай емеспін, бірақ бұл шараларды жандандырып, қолдау керек депсанаймын. Себебі, тазыхалық қазынасы, біздіңмақтанышымыз. Биыл біз 5 км қашықтытқтыбағындырдық. Бұрын 2 және 3 км жарыстар болған, ал бүгінде біз қазақи тазылардың 5 шақырымды даоңай бағындыра алатынын дәлелдедік.

 

 

Тазының жүгірісінен басқа, иттер көрмесі жәнебүркітпен аң аулау ұйымдастырылды. Жарыстықарашай жылқыларын тізгіндеген шабандоздарашты.

Бұл бүкіл Шашубай үшін маңызды іс-шараболды. Барлығы ат салысты.

Біздің әйелдер ұлттық жейделерде қонақтардықарсы алып, тамақтандырды, – дейді жарысұйымдастырушысы. – 5 км жүгіруде бірінші болыпжеті тазы келді. Бірінші орынды Балқаштан келген, екінші орынды Қостанайдан, үшінші орындыКөкшетаудан, төртінші орынды біздің облыстан, бесінші және алтыншы орынды Алматыдан әкелгентазылар және жетінші орынды да біздің өңіріміздіңиті иеленді. Жеңімпаздар қарашай жылқысымен жәнеірі қара малмен марапатталды.

Бірінші орын алған тазының иесіне мен қарашайтұқымды жылқымды, қалғандарына – ІҚМ сыйладым. Жетінші орын үшін ешкі берілді.

«Қансонар-2022» қатысушылары да назардан тысқалған жоқ. Олардың барлығы алғыс хаттармен жәнеграмоталармен марапатталды. Алматыдан келгенбүркітшілер ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Шашубайда үш жүздің басын қосқан осындайауқымды іс-шараның ұйымдастырылғанына өтеқуаныштымын. Мен Тараздан келдім. Қазір жасым80-де. Бірақ балалар осында келуді ұсынғанда, менбірден келістім. 7 жасынан бастап тазыға, 15 жасымнан көкпарға қатысып, күреспенайналысқанмын. Мұның бәрі біздің байлығымыз, дәстүріміз. Қазақстанда осындай іс-шаралардыжандандырып, ұлттық рухты көтеру керек, – депсанайды жарыстың ең қарт қатысушыларының біріСәтмақан Жолтаев.

                                                                                                            Жомарт Шаймұрат