ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРЕМІЗ

Бүгін ауданымыздың ауыл шаруашылық саласында үлкен жұмыс жүргізіп, стратегиялық маңызы бар қант қызылшасы өндірісін қолға алған «Qyzylsha» ЖШС жұмысымен танысып қайттым.

 

Серіктестік басшылығымен тілдескенімде олар алдағы уақытта жер көлемін тағы да арттырып, 500 мың тонна қант қызылшасын алуды көздеп отыр екен. Бүгінде серіктестік 87 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Ал жиын-терім кезінде 250 адамды маусымдық жұмыспен қамтымақ.

«Qyzylsha» ЖШС басшысы өткен жылы 1100 га жерді су үндемдеу қондырғылары арқылы нәрлендіріп, өндірілген өнім көлемінің нашар болмағанын атап өтті. Сондай-ақ биыл 1000 га алқапқа қант қызылшасын, 150 га жерге картоп, 440 га алқапқа жүгері егіп, мол өнім алуды, оған қоса су үндемдеу қондырғылары санын көбейтуді де жоспарлап отырғандарын айтып өтті.
Жалпы, бүгінгідей еліміздің қант өндірісіне аса басымдық беріп жатқанын ескеріп, аудан басшылығы алдағы уақытта аталған серіктестікпен тығыз байланыста болмақ.

Ал, агроөнеркәсіптік саласында атқарылар жұмыстардың бар екендігіне көз жеткіздім.