Қарағанды авиабазасында Қазақстандағы жалғыз қыз-ұшқыш-жойғыш қызмет етеді

Қарағандының авиациялық базасында әскери қызметті жалғыз қыз — аға лейтенант Ардана Ботай өткеруде. Авиациялық эскадрильяның аға ұшқыш-жойғыш лауазымында ол ерлермен тең дәрежеде жұмыс істейді.

 

 

Ардана бала кезінен әскери ұшқыш болуды армандаған.

Мен ағаммен үнемі машинкамен ойнайтынмын, техника тақырыбындағы журналдарды жинайтынмын. Бірде мен МиГ-29 суретін кездестірдім және осы ұшақты игергім келетінін түсіндім. Тек ұшқыш қана емес, әскери ұшқыш болғым келетінін түсіндім, — деп еске алады қыз.

Туыстарының қолдауы мен табандылығының арқасында болашақ аспанды бағындырушы арманын жүзеге асыра алды.

Бүгінде Ардана «Су-30СМ» жаңа буындағы жойғыштарда ұшады. Бұл керемет ұшақ кез-келген ауа-райында әрекет ете алады. Ол жаудың ұшақтарын құлатып қана қоймай, жердегі нысандарды жойып, әуе барлауын да жүргізе алады.

Авиацияның қыр-сырын зерттеу барысында мен Ұлы Отан соғысының көптеген көрнекті ұшқыштары туралы білдім, — дейді бойжеткен. — Бұл түнгі бомбардирлердің әйелдер полкінде қызмет еткен аты аңызға айналған Хиуаз Доспанова. Әрине, менің жерлесім Нүркен Әбдіров. Олардың іс-әрекеттері шабыттандырады және қажет болған жағдайда Отанды қорғау үшін одан да жақсы оқуға мәжбүр етеді.

 

                                                                                                      Жомарт Шаймұрат