Қарағанды кітапханасында «Алаш» қозғалысының 105 жылдығына арналған көрме ашылады

Биыл «Алаш» қозғалысына 105 жыл толады. Осы тарихи оқиғаға орай Қарағанды облыстық Н. В. Гоголь атындағы кітапхананың оқу залында 15 шілде күні «Алаш қозғалысы және Қазақ ұлттық идеясы» атты кітап көрмесі ашылады.
Мұнда алдыңғы қатарлы қазақ зиялылары – «Алаш» қозғалысының өкілдерін бейнелейтін энциклопедиялар, анықтамалықтар, кітаптар ұсынылады. Кең форматта құжаттар мен материалдар жинақтары, мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар және осы мерейтойлық датамен байланысты барлық материалдар ұсынылады.
Оқырмандар қозғалыс тарихымен Д. А. Аманжолованың «Алаш: демократиялық таңдаудың тарихи мәні» атты үш томдық монографиясының және профессор Т. К. Жұртбайдың «Алаш қозғалысы: алаштықтардың сот процестері материалдарының жинағы» заң құжаттары жинағының арқасында таныса алады. Тұрсын Жұртбайдың «Менің қасіретім, менің мақтанышым – Алаш!» атты кітабында «Алашорда» қайраткерлерінің жауап алу хаттамалары мен айғақтарына негізделген автордың өткен, қазіргі және болашақтағы қазақ халқының тағдыры туралы ой-пікірлерінің жемісі жайлы айтылады.
– Әдемі безендірілген экспозиция есте қаларлық күннің терең мағынасын көрсетеді, – дейді оқу залының қызметкері Станислав Смирнов. – Стендтерде облыстық «Индустриальная Караганда» газетінде жарияланған «Личности в потоке времени» мақаласы ұсынылды. Оның авторы Рашит Каренов «Алаш» қозғалысы көшбасшыларының ұлттың рухани жаңғыруына қосқан үлесі, Ахмет Байтұрсыновтың қайғылы және Ұлы тағдыры және «еркін дала әншісі» саналған ақынның шығармашылық мұрасы туралы әңгімелейді.
Көрмеде ұсынылған әдебиет қалың оқырманға, оқушыларға, ЖОО студенттеріне, педагогтарға және барлық қазақстандықтарға пайдалы болуы мүмкін.
Экспозиция 15 тамызға дейін жалғасады.

Жомарт Шаймұрат