Қарағанды мектебінде Қазақстан бойынша бірегей қауіпсіздік жүйесі пайда болды
Қарағанды қаласының №104 мектеп-гимназиясында біріктірілген қауіпсіздік жүйесі орнатылды. Турникетпен байланыстырылған жылу камерасы бір уақытта адамдардың температурасын анықтауға мүмкіндік береді.
Бұл жергілікті компанияның жаңалығы. Қазақстан үшін жаңа жүйе пилоттық тәртіпте сыналатын болады.
– Бүгін балалардың қауіпсіздігі бірінші орынға шығарылып отыр, – дейді Қарағанды қаласының білім бөлімінің басшысы Есентай Әшім. – Осы мақсатта біз қаладағы ең ірі мектептердің бірінде жобаны іске қостық. Оның құны 3,8 млн теңге.
Жүйе 30 баланың дене температурасын бірден анықтауға мүмкіндік береді. Егер баланың ағымында температура 37 және одан жоғары болса, онда кіру бұғатталады. Бұл туралы күзетшіге және медицина қызметкеріне дереу хабарланады. Болашақта осы жүйе арқылы кіре берісте қаруы бар адамды тани алатындай етіп бағдарламаны күрделірендіру жоспарлануда.
Әр оқушы мен мектеп мұғалімінде карта-рұқсатнама бар. Ғимаратқа кіре берісте олар электронды өту жолында белгіленеді. Олардың эпидемиологиялық қауіпсіздігін анықтау және сабаққа қатысуды бақылау өте оңай және қарапайым болмақ.
– Бұған дейін кезекші мұғалім кіреберісте байланыссыз термометрмен тұрған. Бұл көп уақытты қажет етті, – деп атап өтті №104 мектеп-гимназиясының директоры Жадыра Баймолдина. – Жүйе жұмысты айтарлықтай жеңілдетеді. Кейін картаны кітапханамен, асханадағы төлеммен біріктіруді жоспарлап отырмыз. Бүгінгі таңда мектеп балаларды қабылдауға дайын. Педагогтардың 100% вакцинацияланды.
«Ақжол-2017» компаниясының басшысы Айдос Жұмаділовтың айтуынша, жүйе қарапайым және тек жаңартуды талап етеді.
Оны басқа оқу орындарына енгізу-енгізбеу мәселесін пилоттық жобаның қорытындысы бойынша шешеді.
Әзірге Қарағанды облысының мектептері турникеттермен және дабыл түймелерімен жабдықталуда, олардан сигнал ЖБО-ға келіп түседі.
Жомарт Шаймұрат