Қарағанды музейінде ҚР Ұлттық валютасы күніне арналған көрме ашылды
Мерейтойлық коллекциялық монеталарды Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайындағы көрмеден көруге болады. «Көшпенділер алтынынан Тәуелсіз Қазақстан валютасына дейін» іс-шарасы 15 қарашада атап өтілетін ҚР Ұлттық валютасы күніне арналған.
Көрмеде саясаттанушы және қоғам қайраткері Серік Мустафиннің жеке нумизматикалық коллекциясынан экспонаттар ұсынылды.
Бұл – Қазақстан Республикасының ерекше мәні бар күндеріне орай шығарылған мерейтойлық монеталар, «Жеті Қазына» монеталары, тәуелсіздік жылдары ішінде әртүрлі номиналдағы ұлттық монеталары бар альбомдар.
– Қарағандылықтар 500-ден астам монетаны көре алады. Оның ішінде ең құндысы – Ұлттық банк шығарған мерейтойлық монеталар. Олардың арасында «Көшпенділер алтыны» – таза алтын мен күмістен жасалған. Бірақ олардағы ең бастысы, әрине, тарихи құндылық. «Қазақстанның флорасы мен фаунасы», «Қазақстанның петроглифтері», «Көрнекті оқиғалар мен адамдар», «Қазақстанның салт-дәстүрлері» және басқа серияларынан монеталар бар, – дейді Серік Мустафин.
Сондай-ақ көрмеде зергерлік әшекейлермен, ыдыс-аяқтармен, атпен жүру ерекшеліктерімен және қазақ халқының басқа да мәдени-материалдық құндылықтарымен танысуға болады. Мұнда ежелгі дәуірден қазіргі уақытқа дейінгі Қазақстан тарихын баяндайтын 30-дан астам кітап жинақталған.
Экспозиция 22 қарашаға дейін жалғасады (8-7212) 30-11-36, 56-45-63 телефондар бойынша анықтама ала аласыз.
Жомарт Шаймұрат