Қарағанды облысы әкімінің «Алтын Сұңқар» сыйлығына өтініш қабылдау басталды

Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін Қарағанды облысы әкімінің «Алтын Сұңқар» сыйлығын тағайындау бойынша жыл сайынғы байқауға қатысуға шақырады.

Сыйлық келесі номинациялар бойынша беріледі:  

1. «Қарағанды журналистикасын дамытуға қосқан үлесіүшін» облыс әкімінің арнайы сыйлығыжурналистиканыдамытудағы ерекше еңбегі үшін. Сыйлық нақты біржурналистке немесе ұжымға тапсырылуы мүмкін.

 

 

2. «Мамандыққа адалдығы үшін» – кәсіптік қызмет өтілі20 жылдан артық, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағымарапаттарының, құрмет грамоталарының, озаттықбелгілерінің, Қарағанды облысының қоғамдық ұйымдарының, кәсіподақтарының, діни бірлестіктерінің, мекемелері мен ведомствалардың ұсыным-мінездемесінің болуы.

3. «Белсенді өмірлік ұстанымы үшін» – жоғарыадамгершілік құндылықтарды, аға ұрпақты сыйлаудынасихаттағаны және тәрбиелегені, соғыс және еңбекардагерлерінің ерліктерін дәріптегені, қоғамдық тәртіпті, мәдениет және өзін-өзі ұстау нормаларын сақтауды, қоғамдыққауіпсіздікті нығайтуды, қоршаған ортаға қамқорлықпенқарауды насихаттағаны үшін.

4. «Объектив шебері» – бұл номинацияда жеңімпаздыанықтау өлшемі материалдың көркемдік құндылығы, бейненіңстатикалық еместігі және динамикасы, фото/бейнесуреттіңберілген ақпаратқа сәйкестігі болып табылады.

5. «Ауыл тақырыбын үздік жариялау» – селолықаудандарды, Қарағанды облысының және жалпы Қазақстанэкономикасының агроөнеркәсіптік секторын насихаттауғажәне дамытуға бағытталған ауыл шаруашылығы саласындағыжетістіктерді сапалық әрі сандық жағынан жариялау.

6. «Әлеуметтік тақырыпты үздік жариялау» – денсаулықсақтау, білім беру, мәдениет, спорт, бизнестің әлеуметтікжауапкершілігі саласындағы тақырыптарды сапалық жәнесандық жағынан жариялау, сондай-ақ материал беру менкәсібиліктің бірегейлігі.

7. «Өндіріс тақырыбын үздік жариялау» – кәсіпкерліктіқолдау, шағын және орта бизнесті дамыту, индустриалды-инновациялық саясат, кластерлік бастама тақырыптарынсандық және сапалық жағынан жариялау.

8. «Алғашқы табыстары үшін» – ұсыным-сипаттаматүрінде ресімделген әріптестерінің, шығармашылықодақтардың, қоғамдық бірлестіктердің құрметіне бөленген жасжурналистің өзі көтерген мәселелерді жариялаудағыбіліктілігі, кәсібилігі.

9. «Жылдың үздік шығармашылық жұмысы» – БАҚ-тыжәне/немесе жеке жоба, материалдар сериясынұйымдастырудағы үздік идея, бағдарлама, шығармашылықтәсіл үшін берілетін номинация.

10. «Мәнер мен атқарымдылық үшін» – техникалық жәнешығармашылық қызметкерлерге: жоғары кәсібилікке иедыбыстық режиссерлерге, режиссерлерге, корректорларға, беттеушілерге, инженерлерге, дизайнерлерге, бейнеинженерлерге арналған номинация.

11. «Әлеуметтік желілердегі өзекті мәселелерді үздікжариялағаны үшін» – мемлекеттік бағдарламалардың іскеасырылу барысын жүйелі, сапалы жариялағаны, облыстыңәлеуметтік өмірін әлеуметтік желілерде жариялағаны үшінБАҚ өкіліне, блогерге беріледі.

Сыйлықтар Қарағанды облысы әкімінің сыйлығыналауреаттарды іріктеу жөніндегі комиссияның шешіміменконкурстық негізде тағайындалады.

Сыйлық беру жөніндегі комиссияның қарауынакандидаттарды газеттер мен журналдардың редакциялары, облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері, сондай-ақблогерлермен, журналистердің өздері, БАҚ қызметкерлеріұсынады                                                         

Ұсынысқа мыналар қоса тіркеледі:

қысқаша өмірбаян;

— 3 әр түрлі, көркем фотосурет;

ақпараттық материалдар тізімі. Бір автор бірнешематериалдарын ұсына алады, алайда олардың саны 5-тен аспауы тиіс.

Әтүрлі жанрдағы материалдар (очерк, интервью, мақала, телевизиялық және радиохабарлар, әлеуметтік зерттеулержәне т. б.), сондай-ақ жарияланымдар мен хабарлар топтамасықабылданады.

Жарияланымдар түпнұсқада (толық басылымы берілгенідұрыснемесе материалдардың ксерокөшірмелері(басылымның атауы, мерзімі және авторымен хабарласудыңтолық мәліметтерімен қоса), радиобағдарламалар ментелехабарлар компанияның атауы мен эфирге шыққан күнікөрсетіліптиісінше аудиожазба және бейнежазба (cd/dvdдискілері) түрінде өткізілуі тиіс.

Өмірбаяны туралы ақпаратты d.akisheva@karaganda-region.gov.kz электронды мекен-жайына жіберу қажет.

Өтінімдер 2022 жылдың 24 мамыры – 19 маусымыаралығында Қарағанды қ., Әлиханов көш., 13, каб. 410 (Ішкісаясат басқармасы) мекенжайы бойынша қабылданады.

                                                                                                                Жомарт Шаймұрат