Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында Құнанбай қажы мешіті жөнделді
Қарқаралыдағы Құнанбай қажы мешітіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстары Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының тапсырысы бойынша жүргізілді.
Құнанбай қажы мешіті 1849 жылдан 1853 жылға дейін қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың әкесі Құнанбай Өскенбаевтың қаражатына салынған. Бұл ені 15 м, ұзындығы 11 м және биіктігі 6 м екі қабатты ағаш ғимарат, мешітте медресе жұмыс істеді, студенттерге арналған жатақхана және молдалар үйі болды.
Кеңес заманында мұнара жойылды. Ғимараттың қалған бөлігі мектепке, кейінірек қоймаларға айналды, содан кейін толығымен бос қалып, қараусыз қалды.
1980 жылдары мешіт қалпына келтіріліп, діндарларға берілді. 1991 жылы Қазақстанның тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және қалпына келтіру өндірістік бірлестігінің мамандары ғимаратты қайта жөндеуден өткізді.
Қарқаралыдағы Құнанбай қажы мешіті Қазақстанның киелі жерлерінің тізіміне енді.
Жомарт Шаймұрат