Қарағанды облысы Сарыарқа ауылының жас кәсіпкері қымыз бен саумал өндіреді
Бұқар Жырау ауданының жас малшысы Алмаз Таңғышбаев төрт жылдан бері сүт өнімдерін өндірумен айналысып келеді. Бизнесті кеңейту туралы көптен ойланған, бірақ қаржысы жетіспеген. Өткен жылы ол жастар кәсіпкерлігін қолдау және дамытуға арналған Қарағанды облысы әкімінің грантына ие болды.
Бір миллион теңге көлеміндегі барлық қаражат бірден қымызды шайқауға арналған аппараттарға жұмсалды. Алмаз төрт күбі сатып алды: екеуі электр желісі арқылы, екеуі қолмен сапыруға арналған.
Бұл кәсібіміз үшін үлкен көмек. Қазір менде 10 бие бар. Қаражат болса, мен тағы да жылқы сатып алар едім. Бірақ бәрінен бұрын маған жайылымдық жер жетіспейді. Мен мал шаруашылығы бағытында одан әрі дамимын. Бұл маған өте ұнайды. Ата-анама рахмет. Олар мені қолдайды және көмектеседі, – дейді Алмаз.
Таңғышбаевтар отбасының сүт өнімдерін негізінен жергілікті тұрғындар сатып алады. Қымыз бен саумалдың бір бөлігін Қарағандыда өткізеді. Тұрақты сатып алушылар бар.
Жаңа сауылған бие сүтінің денсаулыққа пайдалы екенін бәрі біледі. Иммунитетті жақсартады, ауыр дерттермен күресуге көмектеседі. Балаларға да, қарттарға да жарайды. Біз өзіміз де ішеміз, – дейді кәсіпкер.
Күнделікті ауыр еңбекке қарамастан, Алмаз сүйікті ісін тастамайды. Ол келешекте қаладағы дүкендердің бірінде өз өнімін сататын бөлімше ашып, саумалдың пайдасын басқа да адамдар көргенін қалайды.
Жомарт Шаймұрат