Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында ұлы Абайдың бюсті мен аллеясы ашылды

2020 жылдың 22 қазанында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көрнекті ақын және ойшыл Абай Құнанбаеванның 175 жылдығына орай оның есімімен аталатын орталық көшелердің бірінде, Абайдың бюсті мен аллеясының салтанатты ашылуы өтті.

 

Абай бюстінің ашылу құрметіне қала әкімі А.Ыдырысовпен бірге: қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Өтеш Ахметов және «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС жанындағы ардагерлер кеңесі» үкіметтік емес ұйымының төрағасы Төлеген Бүкіров қатысты. Гүл шоқтар қойылды.

 

Композицияның ортасында ескерткіш — Абайдың бетонмен құйылған және қола түске боялған бюсті бар. Оның екі жағында, екі қанат сияқты, гранит тақталарда Ұлы ақынның 45 нақыл сөздері мен мақал-мәтелдер бар. Бюсттің авторлары: Бейбіт Мұстафин — ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Көркемөнер академиясының корреспондент мүшесі және Владимир Троценко — ҚР Сәулетшілер одағының мүшесі. Аллеяның бүкіл ұзындығы (270 м) мен ені (6 м) бойындағы тротуарға ерекше әдемі және баспа бетон төселген.