Қарағанды облысында дәстүрлі облыстық «Армысың, әз Наурыз» ақындар айтысы өтті
Қарағанды қаласының Кеншілер мәдениет сарайында қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Армысың, әз Наурыз» атты облыстық ақындар айтысы өтті.
Облыстық ақындар айтысы айтыскер ақындардың шығармашылығының қалыптасып, дамуына жағдай жасау, дарынды ақындардың жыл басы Наурызды жырға қоса отырып, қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын тілге тиек ету, айтыс өнерін насихаттау, ұрпақты ұлттық ата-дәстүр рухына тәрбиелеу, халықтың рухани, мәдени мұраларын келешек ұрпаққа жеткізу және елдің санасына сіңіру мақсатында ұйымдастырылды.
Екі кезеңнен тұратын айтысқа Нұра, Жаңаарқа, Шет аудандары мен Қарағанды, Сәтпаев, Теміртау, Шахтинск қалаларының ақындары қатысты.
Қазылар алқасының шешімі бойынша: Бас жүлде — Нұрсұлтан Рымбай (Қарағанды қ.); І орын — Еркеғали Бекболат (Теміртау қ.); ІІ орын — Мәди Олжабай (Сәтбаев қ.), Нұрмұхамед Байсүгіров (Шахтинск қ.); ІІІ орын — Төрехан Совет (Қарағанды қ.), Жандос Бақытұлы (Нұра ауд.), Әлихан Нығыметолла (Қарағанды қ.); Арнайы сыйлық — Думан Самат (Қарағанды қ.), Сырым Нығызбай (Жаңаарқа ауд.), Мұхтар Әділов (Шет ауд.); алғыс хат — Әлихан Ерғалиев (Теміртау қ.), Мұхтар Ұлғасбаев (Шахтинск қ.).
Жомарт Шаймұрат