Қарағанды облысында кеншілер мен металлургтер жеңілдетілген ипотека ала бастады
Биылғы жылы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір және болат департаменттерінің 120 қызметкерінде өз баспаналары пайда болады. Қарағандыда шахтёрлер мен металлургтерге пәтерлерге жеңілдік сертификаттары беріле бастады.
Естеріңізге сала кетейік, тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруға Қарағанды облысының әкімдігі «Отбасы банкімен» бірлесіп бастамашы болды. Облыстық бюджеттен 1 млрд теңге бөлінді. Банк тағы 700 миллион берді. Ипотека қатысушыларын жұмысшылар еңбек ететін ұйымдардың кәсіподақ комитеттері анықтады.
– Біз «АрселорМиттал Теміртаудан» бағдарлама көлемін ұлғайтуды пысықтайтын боламыз. Менің ойымша, бұл бірінші кезектегі міндет, – деп атап өтті өңір басшысы Жеңіс Қасымбек. – Қазір бізге кеншілер мен металлургтерді қолдау өте маңызды. «Отбасы банкінен» қолдау сұрап, басқа компанияларға осы бағдарламаны бастауға кеңес бергім келеді. Ол үлкен сұранысқа ие. Бұл теңгемен алынатын ең арзан қарыздардың бірі – жылдық мөлшерлемесі 5%.
Бағдарламаға қатысушына берілетін қарыздың ең жоғарғы сомасы – 15 млн теңге.
– Бүгін біз Қарағанды облысында жеңілдетілген несие арқылы бастапқы немесе қайталама нарықта пәтер сатып алуға мүмкіндік беретін кредит беру тетігін іске қосып жатырмыз, – деп түсіндірді «Отбасы банкінің» Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова.
Жеңілдетілген ипотеканы Қарағандыдан, сондай-ақ Саран, Абай, Шахтинск және Теміртау серіктес қалаларынан алуға болады.
Жаңа бағдарлама алдағы бес жылда жұмыс істейтін болады деп болжануда.
Жомарт Шаймұрат