Қарағанды облысында мал азығын дайындауды арттыру жоспарлануда
Қарағанды облысында мал шаруашылығытұрақты дамуда. Мал басы өсуде. Өңірде жем-шөпдақылдарын өсіру де артады. Бұл саланы дамытуғақолдау көрсетілмек. Өңір басшысы Жеңіс Қасымбексубсидия мәселесін шешуді тапсырды.
Мал шаруашылығын дамыту үшін берік жем-шөпбазасын құру қажет. Жем-шөп дақылдарының егісалқаптары ұлғаюда. Биыл 81,5 мың га көпжылдықжәне біржылдық шөптер егіледі, бұл өткен жылдыңдеңгейінен 9 мың гектарға артық, сондай-ақ жемдікдақылдар егісі де артып келеді.
Фермерлер жем әзірлеу үшін техника дайындапжатыр. 30 мыңға жуық машина мен агрегат іскеқосылады.
Облыста ет және сүт өнімдерінің өндірісітұрақты түрде өсіп келеді. Фермерлер мал басын, соның ішінде асыл тұқымды мал басынтолықтырудм. Жыл басынан шаруашылықтар 438 бас ІҚМ және 664 жылқы сатып алуға несие қаражатыналды.
2021 жылы облыста мал шаруашылығысаласында екі жоба іске асырылды: «Құрма» агрофирмасының құс фабрикасы жаңғыртылды жәнеасыл тұқымды репродуктор салынды. Биылжоспарланған тоғыз жобаның екеуі іске қосылды. Шет ауданында жаңа сүт-тауар фермасы және БұқарЖырау ауданында құс фабрикасы салынды.
– Біз мал шаруашылығын дамыту үшін барлықмүмкіндіктерді барынша пайдалануға тиіспіз. Ауылшаруашылығы басқармасы қаржы басқармасыменбірлесіп, ауыл шаруашылығы малдары үшін жем-шөп шығындарын субсидиялауға қаражат бөлумәселесін қарастырғаны жөн, – деді Жеңіс Қасымбек.
Жомарт Шаймұрат