Қарағанды облысында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай  «Құтты мекен» жобасы бастау алды

Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Құтты мекен» жобасын бастады.  Жоба авторы — Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы.

Жоба мақсаты- қазақ жерінде туып, қазақ ұлтының құндылықтарын насихаттап, өз кәсібін дөңгелетіп отырған өзге ұлт өкілдерінің Қазақстанға  арнаған алғысын жеткізу.

«Құтты мекен» жобасын алғашқы кейіпкері – Қарқаралы ауданы, «Аппаз» ауылының тұрғыны, жан-тәнімен қазақ боп кеткен Юрий Шмидт қазақ топырағында мәңгілік қалуды армандайды және болашаққа жоспарларын тек Қазақстанмен байланыстырады.

 

 

 

                                                                                                          Жомарт Шаймұрат