Қарағанды облысында ТҚС, автожуу және шиномонтаждау шеберханалары уақыт бойынша шектеусіз жұмыс істейтін болады
Қарағанды облысында бизнестің бірнеше түрі үшін жұмыс уақыты бойынша шектеулер алынып тасталады. 21 қарашадан бастап шиномонтаж шеберханалары, автожуу және ТҚС уақыт шектеулерінсіз жұмыс істейтін болады.
Естеріңізге сала кетейік, жоғарыда аталған барлық нысандар 17 қазандағы №39 облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес 22.00-ге дейін жұмыс істеді.
21 қарашадан бастап қызметі келушілермен тікелей байланысы жоқ кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс уақыты бойынша шектеулер алынып тасталады. Шиномонтаждарға, ТҚС және автожууға санитарлық нормаларды күшейте отырып, уақытша шектеулерсіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
Жомарт Шаймұрат