Қарағанды облысында тұрақтандыру қоры қалай жұмыс істейді

Қарағанды облысының тұрақтандыру қорында 722 тонна көлемінде азық-түлік қоры құрылды. Бұл азық-түлік өнімдері: қант, қарақұмық, өсімдік майы. Сонымен қатар, апта сайын белгіленген бағамен саудаға көкөніс жеткізілімдері ретке келтірілді.

«Сарыарқа» ӘКК-де тұрақтандыру қорының жұмысы туралы айтып берді.

– Тұрақтандыру қоры азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұруға арналған. Екі механизм қолданылады. Біріншісі – бакалея өнімдерін өзіміз сатып аламыз және сатамыз. Тауар интервенциялары комиссияның шешімі бойынша жүргізіледі. Өтінімдерді қалалар мен аудандардың әкімдіктері береді, ал көлемдер ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік басқармаларымен келісіледі. Екіншісі – шағын және орта бизнес субъектілеріне 0,01% жеңілдікпен несие беру. Кәсіпкер белгілі бір кезеңде өнімді белгіленген бағамен сатуға міндеттенеді. Айналым деп аталатын схема бойынша көкөністерді сату жүріп жатыр, – деп түсіндірді «Сарыарқа» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Өміртаев.

Оның айтуынша, жыл басынан бері шамамен 50 тонна бакалея өнімі көлемінде тауар интервенциялары жүргізілген.

Қантқа келетін болсақ, жақын арада азық-түлік корпорациясынан қосымша 136 тонна күтілуде. Бұл партияның бір бөлігін тауар интервенциясына жіберуге ниетті.

Қарақұмық, өсімдік майын қосымша сатып алу да жоспарда бар. Сонымен қатар, күріш сатып алынады.

Барлығы ел ішінде сатып алынады: қант – Таразда, қарақұмық – Павлодар облысында, өсімдік майы – Шығыс Қазақстанда, күріш – Қызылордада.

 

          шЖомарт Шаймұрат