Қарағанды облысында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне миллион теңгеден төленеді

Қарағанды облысында Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай Ұлы Отан соғысыныңқатысушылары мен мүгедектеріне миллион теңгедентөленеді. 15 сәуірде аймақта 25 ардагер тұратынымәлім болды.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтікбағдарламалар басқармасында атап өткендей, деректер күн сайын өзгеріп отырады. Мысалы, 2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша ҰОС қатысушылар саны 28 адамды құрады.

Сондай-ақ Қарағанды облысында 5757 тылеңбеккері, оның ішінде «ҰОС жылдарындағыжанқиярлық еңбегі үшін» медалімен наградталған159 адам, қайтыс болған мүгедектердің және ҰОС қатысушыларының жесірлері мен әйелдері – 221, концлагерь тұтқындары – 51, сондай-ақ «ҚоршаудағыЛенинград тұрғыны» белгісі бар 12 адам тұрады.

9 мамыр мерекесіне орай бірыңғай материалдықтөлемдер қарастырылған:

концлагерь тұтқындарына – 100 мың теңге;

Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армияқұрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған КеңесАрмиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғыКСРО әскерлері мен ішкі істер және мемлекеттікқауіпсіздік органдарының ерікті жалдамақұрамаларының адамдарына – 100 мың теңге;

Қоршаудағы Ленинград тұрғындарына – 60 мыңтеңге;

— ҰОС жылдары қаза тапқандардың (қайтысболғандардың) жесірлеріне және әйелдеріне – 30 мыңтеңге;

тыл еңбеккерлеріне – 30 мың теңге.

Бір жолғы материалдық көмек осы жылдыңсәуір-мамыр айларында көрсетіледі.

Қарағанды облысының жұмыспен қамтудыүйлестіру және әлеуметтік бағдарламаларбасқармасының ақпараты бойынша

                                                                                                       Жомарт Шаймұрат