Қарағанды облысындағы жазғы мектепте60-тан астам жас педагог оқудан өтті
Ақтоғай ауданындағы «Факел» сауықтырулагері базасындағы жазғы мектепте Қарағандыоблысынан 60-тан астам жас педагог оқудан өтті. Үш күндік жас жауынгерлер курсы жұмыс өтілі бес жылдан аспайтын адамдарға арналған.
Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері, әдіскерлер, педагог-психологтар, әлеуметтікпедагогтер, тәлімгерлер өз дағдыларын жетілдірді. Кандидаттарды іріктеу кезінде олардың кәсібижетістіктері ескерілді.
– Жазғы мектеп бала жылында өтіп жатыр, – дейді Қарағанды облысының білім беруді дамытуОӘО басшысы Бақытқұл Әбдікерова. – Оныңмақсаты – жас педагогтардың кәсіби қалыптасупроблемаларына назар аудару, олардың өсуінежағдай жасау, шығармашылық әлеуетін дамыту, педагогтардың кәсіби мәртебесін арттыру.
Жас мамандар үшін спорттық, танымдық, ойын-сауық және оқу іс-шараларынан, шеберліксабақтарынан тұратын үш күндік бағдарламаәзірленді.
Оқытудың бірінші күні педагогтар аймақтыңжетекші жас мамандарының шеберлік сабақтарынақатысып, заманауи педагогикалық технологиялармен формалар мәселелерін қозғап, пікірталасалаңында кездесті. Спорттық ойындар да болды.
Екінші күн Қазақстанның 100 киеліорындарының қатарына енген ауданның көріктіжерлерінің бірі Әулие-Ата үңгірін аралауданбасталды. Күннің екінші жартысында шеберліксабақтары мен командалық ойындар, сондай-ақбауырсақ-пати өтті.
Мұғалімдерге арналған жазғы лагерьдіңүшінші күні шеберлік сабақтарымен аяқталды.
Оқуға қатысушылар осындай іс-шаралардыжыл сайын өткізу туралы тілектерін білдірді.
– Жазғы мектеп барысында қазіргі жаңашабілімді цифрлық технологияларменбайланыстырып оқыту керектігін түсіндірді. Өзіммен қатарлас әріптестермен диалогке түсекеле, үздік тәжірибемізбен алмастық белсендіжұмыс жасадық, – дейді Саран қаласы № 17 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнімұғалімі Сәби Сәулетұлы.
Мұндай форматтағы іс-шара Қарағандыоблысында екінші рет өткізіліп отыр.
Жомарт Шаймұрат