Қарағанды облысының әкімдігі кеншілер мен металлургтер үшін жеңілдетілген ипотекаға қаражат бөлді
Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Саран және Абай қалаларындағы кеншілер мен металлургтер үшін жаңа ипотекалық бағдарламаға облыстық бюджеттен миллиард теңге бөлінді.
Жеңілдетілген ипотека бес жыл боцы жүзеге асырылады. Жыл сайын облыстық бюджеттен миллиард теңгеден бөлінбек.
Естеріңізге сала кетейік, бастаманы облыс әкімдігі «Отбасы банкімен» бірлесіп ұсынған болатын. Несие бойынша мөлшерлеме 5% құрайды. Қарыз бастапқы жарнасыз 19 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Ипотекалық бағдарламамен неғұрлым көбірек үміткерлерді қамту үшін пәтер құны 15 млн теңгеден аспауы тиіс.
Ипотека қатысушылары бастапқы немесе қайталама нарықта тұрғын үйді өздері таңдауға мәжбүр болады. Егер пәтердің құны несиеден көп болса, онда сатып алушы жетіспейтін соманы өз қаражатынан немесе БЗТ-нен төлейді.
Ипотекаға қатысу үшін қажетті құжаттарды болат және көмір департаменттерінің кәсіподақтары қабылдайды. Барлық сұрақтар бойынша кәсіпорындардың кәсіподақ комитеттеріне жүгіну қажет. Ипотекаға қатысушыларды іріктегеннен кейін құжаттар банкке жіберіледі.
Жомарт Шаймұрат