Қарағанды облысының барлық қалалары мен аудандарында мүгедектігі бар адамдар мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшілер жұмыс істейді

Қарағанды өңірінде қала мен ауданның әрбір әкімінде енді мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесші болады. Мұндай шешімді облыс басшысы Жеңіс Қасымбек қабылдады.
Кеңесшілермен жұмысты Нияз Сүндеталиев басқарады. Қазан айының басында өңір басшысының ұсынысы бойынша белгілі қоғам қайраткері және белсенді қарағандылық оның штаттан тыс кеңесшісі болды.
— Біз Жеңіс Махмүдұлымен жұмыс майданын бірден талқыладық. Оның ең өзекті және пәрменді ұсыныстарының бірі Қарағанды облысының барлық қалалары мен аудандарында мүгедектігі бар адамдар мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшілерді тағайындау туралы шешім болды. Бұл құр сөз бен есептер үшін жасалмайды. Біздің облыста мүгедектігі бар адамдар тұратын жеріне қарамастан, оларға көмектесе алатын адамның телефон нөмірін білуі керек, — дейді Нияз Сундиталиев.

 

Кеңесшілер мүгедектігі бар белсенді азаматтардың, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар мен әкімдердің ұсынысы бойынша тағайындалды. Бүгінгі күні олардың барлығы өз міндеттеріне кірісті. Қазір әрбір кеңесшінің қызмет жоспарын әзірлеу жалғасуда. Маңызды пункттердің бірі – мүгедектігі бар адамдардың мәселелерімен айналысатын мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, белсенді азаматтар мен кеңесшілердің өздері бас қосатын жерлерде диалог алаңдарын құру. Ең бастысы — жергілікті кеңесшілердің қызметі туралы есеп беру.
Қарағанды облысының әрбір ауданында мүгедектігі бар адамдарға көмек ретінде консультанттарды тағайындау туындаған мәселелерді тезірек шешуге көмектеседі. Кеңесшілері қозғалған проблемаларды жергілікті жерде шешетін болады. Егер мәселені өңірлік деңгейде шешу қажет болса, онымен облыс әкімі жетекшілік ететін үйлестіру кеңесі айналысады. Үкімет деңгейіндегі шағын жұмыс тобы заңнамалық сипаттағы, нормативтік-құқықтық актілердің, сондай-ақ министрліктердің жұмысына қатысты проблемалармен айналысатын болады. Айта кету керек, Нияз Сүндеталиев Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшесі болып табылады.

 

Бүгінгі таңда кеңесшілердің алдына қойылған басты сұрақтардың бірі – адамдарға әлеуметтік қызметтер порталы қалай жұмыс істейтінін және ол не үшін қажет екенін түсіндіру. Әлеуметтік порталда мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарына, жеке көмекшінің, ымдау тілі мамандарының қызметтеріне және санаторий-курорттық емделуге тікелей тапсырыс бере алады.
— Әр аудандағы кеңесшілер — бұл жүйелі жұмыстың басы. Қарағанды облысында мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін бағдарламалар әзірленуде, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетілуде, бірақ ақпаратты жеткізу тұрғысынан олқылықтар бар. Бұл жалпы мәселе. Дәл осы кеңесшілер мүгедектігі бар адамдар мен мемлекеттік органдар арасындағы «көпірге» айналуы тиіс.
— Бүгінгі таңда чат құрылды, онда біздің облыстың барлық кеңесшілері ақпарат алмасады, сұрақтар қояды, әлеуметтік саясат саласындағы жаңалықтарды талқылайды. Біздің облыс Қазақстанның барлық өңірлеріне үлгі болады деп үміттенемін. Мүгедектігі бар кез келген адам кеңесшіні бетпе-бет біліп қана қоймай, оған кез келген сұрақпен тікелей жүгіне алады, — деп есептейді Нияз Сүндиталиев.

Жомарт Шаймұрат