Қарағанды облысының екі мыңнан астам тұрғыны Qoldau-24/7 мобильді қосымшасын орнатты
Қарағанды облысының 2,2 мыңнан астам тұрғыны Qoldau-24/7 медициналық сақтандыру қорының мобильді қосымшасын орнатты. Бағдарлама арқылы қарағандылықтар уақытша мәртебе беруге өтінімдер мен медициналық қызмет сапасына қатысты пікірлер жібереді.
Естеріңізге сала кетейік, Qoldau-24/7 мобильді қосымшасы 2020 жылдың ақпан айында іске қосылды. Платформа халықтың медициналық сақтандыру қорымен байланысының тағы бір арнасы болды. Қорға өтініш жасау үшін, жүктеп алып, тіркегеннен кейін «бізге жазыңыз»-ды басу, өңірді, медициналық ұйымды және жүгіну себебін көрсету қажет (консультация, шағым немесе уақытша мәртебе беру).
— Уақытша мәртебе алуға өтінімді жеңілдік санатына жататын, бірақ қандай да бір себептермен сақтандырылмаған азаматтар жібере алады. Сонымен қатар, қолданыстағы жеңілдік санатын растайтын құжатты бекіту қажет, — деп толықтырды медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы бөлімінің сарапшысы Жанар Рақышева.
Qoldau-24/7 қосымшасында медициналық ұйымға шағым немесе алғыс қалдыруға, медициналық сақтандыру жүйесіндегі құқықтардың бұзылғаны туралы хабарлауға, мәртебесі, жарналарды төлеу тәсілдері және МӘМС жүйесі туралы басқа да мәселелер бойынша кеңес алуға болады.
Qoldau-24/7 қосымшасын медициналық сақтандыру қорының https://fms.kz сайтынан жүктеп алуға болады. тікелей жүктеу сілтемесі: Android үшін — https://files.fms.kz/s/tdEWZ8u7rFZccKh;
iPhone үшін — https://apps.apple.com/kz/app/qoldau-24-7/id1494498169.
Жомарт Шаймұрат